Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Қала әкімдігі саяжай дауынан тағы да тыс қала ма?
Дария Ғұмар Өте өзекті 16/08/2025

Қала әкімдігі саяжай дауынан тағы да тыс қала ма?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оралдағы «Зашаған» бау-бақша бірлестігінде («Құс фабрикасы») тұрғындар көтерген мәселелер жуырда шешіле қоюы неғайбыл. Қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов осы жолы да саяжай дауына араласа алмайтындарын айтты.

Халелов әкімдікте бірнеше рет «Құс фабрикасының» жағдайы талқыланды дейді.

«Бұл жерде жарық және су мәселесінен бөлек газға қатысты да кемшілік бар. Қыс мезгілінде газдың көлемі барлық үйге жетпей қалатын жайттар болады. Алдағы уақытта тұрғындарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды. Газ жүргізу кезінде қателік жіберген «Марданов» жеке кәсіпкерлігі қазір өз қаражаты есебінен жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта тұрғындарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды.

Электр энергиясына қатысты дауды жергілікті атқарушы органмен бірге шешіп жатырмыз. Бір трансформатор қуатын арттырдық және кабельдерді ауыстырдық.

Саяжай үшін барлық жұмысты әкімдік жасап бере алмайды. Төраға бекіткен тарифтер бар, бұл тарифтерден қалатын қосымша қаражат саяжайды күтіп ұстауға бағытталуы тиіс», — деді әкім орынбасары.

14 тамыз күні бір топ тұрғын төраға Асхат Баетовтың жұмысына наразылық білдіріп, көшеге жиналды. Олар басшы электр қуаты үшін қордаланған 101 млн теңге қарызды шеше алмады, коммуналдық төлемдерді заңсыз өсірді деп есептейді.

Тұрғындардың айтуынша, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» электр жарығын күндіз бірнеше сағатқа ғана қосатынын хабарлаған.

Оқыңыз:

«Құс фабрикасы» электр қуаты үшін 101 млн теңге қарыз. Мәселені шешпеген төрағаға тұрғындар наразы

Бұдан бөлек «Құс фабрикасының» басшылығы «Батыс су арнасы» ЖШС-на 3,7 млн теңге қарыз. Қауымдастықта 12 мыңға жуық адам, 2300 үй бар.

«Зашаған» бау-бақша бірлестігінің төрағасы Асхат Баетов қарыздың басым бөлігі бұрынғы төраға Асылбек Қабесовтен қалғанын айтты. Баетов та трансформатор мәселесін шешу үшін тұрғындардың ақшасын «Батыс АЭЖК-ға»  төлемей, кассаға жинап отырмыз деп түсіндірді.

Ол дәл осылай «Батыс су арнасымен» нақты мәселені шешу үшін халықтың суға төлеген ақшасын кәсіпорын шотына аудармай отырғанын айтты.

Төрағаның бұл шешіміне тұрғындар наразы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SARAPSHY.INFO (@sarapshy.info)

Айта кетейік, Орал қаласының оңтүстік жағында «Зашаған» бау-бақша бірлестігі орналасқан. Оны халық «Құс фабрикасы» деп атап кетті.

Кейінгі онжылдықтарда қала орталығынан баспана ала алмағандар осы аумақтан жер алып, үй салып алды. Бірнеше жылдан бері «Құс фабрикасының» тұрғындары саяжай аумағын құжатқа қалаға қарасты елді мекен деп белгілеу жөнінде бастама көтеріп келеді.

Жергілікті билік бұған қатысты заң жүзінде шешім қабылдауға құзіретіміз жоқ деп жауап берумен шектеледі. Тұрғындар белсенділігі күшейгеннен кейін әкімдік бірлестік аумағындағы кейбір көшеге жол салып берген.

2025 жылдың ақпан айында «Құс фабрикасында» даулы жиын болды. Батыс аймақтық электр желілік компаниясы электр желісін кесіп тастаймыз деген хабарландыру жасаған.

Тұрғындар бұрынғы төраға Асылбек Қабесов кінәлі, халық қаражатына обал жасады, қала әкімдігіне жағдайды реттеп беріңдер деген талап қойды.

Sarapshy.info сауалына орай БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық Кодексi
189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу
  1. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса iрi мөлшерде жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Қазіргі уақытта да тұрғындар Баетов басқарғалы «Құс фабрикасында» оң өзгеріс жоқ дейді. Олардың кейбірі экс-төраға Қабесовтың кінәсі жоқ, жаңа басшы оның жұмысынан кетуіне мүдделі болды деген күдігін жасырмады. Ал Баетовтың өзі мұның барлығы сыңаржақ пікір деп санайды. Оны қолдап отырғандар да бар.

Соған қарағанда халық пікірі екіге жарылған. Бірақ бұны реттеуге әкімдік шарасыз күйінде қалып отыр. Қазіргі жағдайға ешқандай орган құқықтық баға бермеді. Қоғамдық институттар, депутаттар бұл дауға араласып жатқан жоқ.

Оқыңыз:

Саяжай мәселесі неге назардан тыс қала береді?

Қараңыз:

фото: Sarapshy.info

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігі әлеуметтік мәселелер Басты ақпарат Орал Птицефабрика Саяжай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.