Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Киік еті қаншадан сатылып жатыр?
Дария Ғұмар Шолу 15/08/2025

Киік еті қаншадан сатылып жатыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың шілдесінде ауыл шаруашылығы министрі киік етін сатуға рұқсат беріп, еттің бір келісін 1600 теңгеге бағалады.

Әуеден жүргізілген санақ бойынша БҚО-да киіктер саны 2,5 миллион басқа жеткен. Жергілікті дихандар киік популяциясы шаруашылықтарына кедергі келтіретінін айтып дабыл қақты. Нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 840 мың бас киікті атып, етін тұтынуға жіберетін болды.

Сауда және интеграция министрлігі киік еті бөлшек саудада сатылмайтынын мәлімдеді. Аңшылар етті арнайы цехтарға жіберуі тиіс. Қазір елімізде киік етін өңдеумен айналысатын 7 кәсіпорын бар.

Бір киік 35 келіге дейін ет береді. Етті сойғаннан кейін бірден салқындатып, ішкі мүшелерін алып, жақсылап жуып, құрғату керек. Қысқа мерзімге сақтау үшін 0°С-тан +4°С-қа дейінгі температурада, ал ұзақ мерзімге –18°С-та мұздатып, 8–10 айға дейін сақтауға болады.

БҚО-да «Каиров», «Амангелді» және «Жинис» ЖК-лары және «Кублей» ЖШС-і етімен айналысуда. Орал қаласының өзінде киік етінің бағасы келісі 1500-1600 теңге аралығында. Өңірде киік еті Жаңақала, Бәйтерек және Жалпақтал аудандарында сатылады. Орал қаласындағы «Кублей» зауыты киік етін сатып алып, өңделген консерві дайындайды. Кейбір кәсіпкерлер етті Ақтөбе мен Ақтауға тасымалдайды. 

Киік етінің бағасы нарықтағы өзге ет құнынан арзан.

Көршілес Ақтөбе қаласында киіктің бір келісі 1800 теңге тұрады. Тұрғындардың айтуынша, ет «Алтай» сауда орталығында сатылып жатыр. Дәл осы жерде киіктің тұтас етін 30-35 мың теңгеге табуға болады. Қазір Ақтөбеге киік етін «Жинис» зауыты тасымалдайды.

Атыраудағы баға 1500 теңгеден басталып 1700 теңгеге жетеді. БҚО киіктері кейде Атырау облысындағы Исатай және Құрманғазы аудандарында жайылады. Бұл жергілікті агрокәсіпкелерді өз егіншіліктері үшін алаңдатып отыр.

Ақтау қаласында киік етін 1600 теңгеден бастап сатып алуға болады. Маңғышлақ, Жаңаөзен және Бейнеу қалаларында киік жергілікті жәрмеңкелерде сатылады.

Ақмола облысында да киік етіне сұраныс жоғары. Астанадан 70 шақырым жерде орналасқан Сабынды ауылында еттің бір келісін 1600 теңгеге таба аласыз.

2023 жылы елімізде Бетпақдала киіктерінің санын реттеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысындағы Арқалық қаласында киік етін «Торғай-Ет» ЖШС-і қабылдап, консерві жасауды бастады. Оның құны 1000 теңгеге бағаланды.

фото: Sarapshy.info

 

 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026
Шолу

Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді

14/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.