Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»АҚШ пен Ресейдің келіссөзі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
Дария Ғұмар Саясат 13/08/2025

АҚШ пен Ресейдің келіссөзі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

15 тамызда  Дональд Трамп пен Владимир Путин саммит өткізеді. АҚШ пен Ресей басшылары Аляска штатындағы Анкоридж қаласының Элмендорф-Ричардсон әскери базасында кездеседі. Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social порталында хабарлады.

Украинаның тағдыры не болмақ?

ABC News дерегінше, 13 тамыз Дональд Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина президенті Владимир Зеленский және Еуроодақ өкілдерімен онлайн келіссөз жүргізеді.

Трамп Зеленскиймен жақсы қарым-қатынаста екенін, бірақ «оның кейбір әрекеттерімен келіспейтінін» айтты. Ол украиналықтардың 88%-ы Ресеймен бейбіт келісім жасауды қолдайтынын алға тартып, Путин мен Зеленскийді келіссөз үстеліне отырғызуға дайын екенін мәлімдеді.

«Путиннің Зеленскиймен келіссөз жүргізуге дайын екенін түсінуге бірнеше минут жетеді», – деді АҚШ президенті.

The Spectator басылымының мәліметінше, Трамп АҚШ пен Ресейдің Арктикадағы экономикалық серіктестігі үшін Киевті Мәскеудің шарттарына көндіруі мүмкін. Мұндай жағдайда Зеленскийге бейбіт келісімді не АҚШ қолдауынсыз соғысты жалғастыруды таңдауына тура келеді.

Саммиттің Қазақстанға әсері: сарапшы пікірі

АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерден кейін Қазақстанның аймақтық рөлін арттыратын жаңа дипломатиялық байланыстар пайда болуы ықтимал.

8 тамыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық жоспары мен бірлескен экономикалық жобаларды талқылады.

10 тамызда Украина тарапының қалауымен Владимир Зеленский мен Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн келіссөз өткізді. Екі президент те қазіргі күрделі жағдайда мемлекеттілікті сақтау мен қорғауды қамтамасыз етіп, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды деген шешімге келді.

Сондай-ақ Аляскадағы келіссөз АҚШ-тың Орталық Азияға назарын арттыруы мүмкін.

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Sarapshy.info редакциясына берген сұхбатында Трамп пен Путин арасындағы келіссөздердің Қазақстанға ықпалы күрделі әрі көпқырлы болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Егер Путин Трампқа ықпал ету аймақтарын бөлу жөнінде жаһандық келісім ұсынса, онда АҚШ Ресейдің айналасындағы Украина, Қазақстан, Грузия, Әзербайжан және басқа да елдерге саяси ықпалын азайтуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда АҚШ Қазақстандағы елшілігінің саяси бөлімінің бюджетін қысқарту, гранттар санын азайту, дипломатиялық белсенділікті шектеу сияқты нақты қадамдарға баруы мүмкін.

Алайда Трамптың берген уәдесін кейінгі президенттер орындалмауы да мүмкін. Сондықтан Путин бұл келісім үшін ұзақмерзімді шарт ұсына алады.

Егер АҚШ пен Ресей конфронтацияға түссе, онда Вашингтон Ресейдің ядролық держава ретіндегі ықпалын әлсіретуді жалғастырады, ал Орталық Азияда «жұмсақ күш» арқылы өз позициясын нығайтуға тырысады. Бұл аймақта Ресеймен қатар Қытай, Түркия және Парсы шығанағы елдерінің мүдделері тоғысады, сондықтан жағдай күрделі болмақ.

Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына кері әсер етіп жатыр. Ресейдегі инфляция мен стагнация көршілес елде де көрініс табатыны рас. Егер келісім болмаса, бұл үдеріс жалғасады. Ал қысым азайса, Қазақстан санкцияның ықпалынан арылады, бірақ бұл жағдайда мұнай бағасының төмендеуі секілді басқа да қатер туындауы мүмкін», — деді саясаттанушы.

Сарапшы атап өткендей, егер Трамп Украинаның бір бөлігін Ресейге «беруге» келіссе (Қырым мен Азов теңізі жағалауындағы құрлық дәлізін мойындаса, бұл ірі державалардың көрші елдердің аумағын басып  алуын халықаралық жүйе тоқтата алмайтынын көрсететін қауіпті сигнал болмақ. Аталмыш жағдайда Қазақстан мен өзге елдерде геосаяси қысым артуы ықтимал.

«Оқиға бірнеше бағытта өрбуі мүмкін: Трамп Украинаға ультиматум қойып, соғысты тоқтататын шешім ұсынады, керісінше, Путинмен қатаң қарсыластыққа кірісіп, Киев мүддесін әрі қарай қорғайды», — деді Ғазиз Әбішев.

2025 жылдың шілдесінде Еуроодақ Ресей Федерациясына қатысты 18-санкциялық пакетті бекітті. 

7 шілдеде Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізден тасымалданатын барлық тауарға 25% мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілетіні жөнінде ресми хат жолдады. 

Бұған дейін саясаттанушы Дос Көшім де Ресей  саясатынан Қазақстан сақтану керек екенін айтқан еді.

фото: APA

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Азов Ақ үй АҚШ Аляска Баж салығы Владимир Зелнский Владимир Путин Екінші ақпарат Еуроодақ келіссөз Қырым саммит Санкция саясат Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Саяси болжау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.