Қазіргі уақытта оқу грантын ұта алмаған абитуренттердің біразы ЖОО-лардың ақылы бөлмін таңдайтыны анық. Астана мен Алматы және Батыс өңіріндегі университеттерде оқу ақысы қалай белгіленген? Осы материалымызда шолып шықтық.
7 тамызда Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік білім грантыныңиегерлерінің тізімін жариялады. Биылғы конкурста 133 мың талапкер бақ сынап, соның ішінде 77 мыңы тегін оқуға жолдама алды.
Грант конкурсына қатысқан 56 мыңға жуық талапкер грантсыз қалды. Олардың кейбіреуі үшін жоғарғы білім алудың бірден-бір жолы – ақылы бөлімге оқуға түсу.
Осы себепті Sarapshy.Info редакциясы еліміздің бірқатар аймағындағыжоғары оқу орындарының ақылы оқу құнын зерттеп, қалта көтерер нұсқаларды анықтады. Бұл материал ата-аналар мен абитуриенттерге қаржылық тұрғыдан тиімді шешім қабылдауға көмектеседі.
Батыс Қазақстан облысы
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
• Шығармашылық және ғылыми бағыттар – 585 000 тг/жыл
• Педагогикалық бағыттар – 620 000 тг/жыл
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
• Агроинформатика, өсімдіктерді қорғау және карантин, агродақылдар өндірісіндегі IT, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, орман шаруашылығы, аквакультура – 408 000 тг/жыл
• Индустриалдық менеджмент, өнеркәсіптік экология, бизнес логистика, өндіріс өнімдерін химиялық бақылау, экономика және бизнес аналитика, қаржылық аналитика – 448 000 тг/жыл
• Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру, еңбек технологиясы, визуалды өнер, ақпараттық технологиялар, химиялық инженерия, кадастр, жер ғылымы – 480 000 тг/жыл
• Геология, гидромелиорация, мұнай-газ ісі, құрылыс инженериясы, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, құрылыс материалдары өндірісі – 520 000 тг/жыл
• Ветеринария – 528 000 тг/жыл

Ақтөбе облысы
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
• Педагогика, өнер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, журналистика, бизнес және құқық, жаратылыстану, математика, қызмет көрсету – 594 000 тг/жыл
• Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс – 763 200 тг/жыл
• Heriot-Watt University (Aktobe campus) – 2 700 000 тг/жыл
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті
• Қоғамдық денсаулық, фармация, мейіргер ісі – 1 033 163 тг/жыл
• Медициналық-профилактикалық іс – 1 216 701 тг/жыл
• Медицина және педиатрия – 1 519 358 тг/жыл
• Стоматология – 1 640 906 тг/жыл

Атырау облысы
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
• Қызмет көрсету, математика, физика-химия, қоршаған орта, гуманитарлық ғылымдар, өнер, тіл-әдебиет – 560 000 тг/жыл
• Педагогика, әлеуметтану, журналистика, бизнес, құқық, IT, балық шаруашылығы – 630 000 тг/жы
Алматы қаласы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
• Мейіргер ісі – 500 000 тг/жыл
• Актуарлық математика, география, тарих, журналистика, IT, химия, философия, саясаттану, жалпы медицина – 1 100 000 тг/жыл
• Ғарыш техникасы, биология, шығыстану, робототехника, филология – 1 200 000 тг/жыл
• Медицина және денсаулық сақтау – 1 300 000 тг/жыл
• Экономика және бизнес, ақпараттық қауіпсіздік, криптология, халықаралық қатынастар – 1 400 000 тг/жыл
• Стоматология – 1 600 000 тг/жыл
• Құқық – 1 700 000 тг/жыл
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
• Транспорттық қызмет, цифрлық логистика, математикалық экономика, бизнес инжиниринг, құрылыс жобаларын басқару, көлік мониторингі, Startup бакалавриат – 905 760 тг/жыл
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
• Менеджмент – 950 000 тг/жыл
• Фарма өндіріс технологиясы – 1 111 400 тг/жыл
• Мейіргер ісі, клиникалық психология – 1 230 700 тг/жыл
• Педиатрия – 1 500 000 тг/жыл
• Медицина – 1 900 000 тг/жыл
• Стоматология – 2 100 000 тг/жыл
Халықаралық инженерлік-техникалық университет
• Коммуникациялық технологиялар, электроника, автоматизация, механика, стандартизация, химиялық инженерия – 750 000 тг/жыл
• Биология, азық-түлік өндірісі, туризм – 800 000 тг/жыл
• IT, менеджмент, аудит, маркетинг және жарнама – 850 000 тг/жыл

Астана қаласы
Астана медицина университеті
• Мейіргер ісі – 770 000 тг/жыл
• Кинезитерапия, эрготерапия – 850 000 тг/жыл
• Қоғамдық денсаулық – 1 100 000 тг/жыл
• Фармация – 1 265 000 тг/жыл
• Педиатрия – 1 375 000 тг/жыл
• Жалпы медицина, стоматология – 1 900 000 тг/жыл
Астана халықаралық университеті
• Педагогика, мектепке дейінгі және бастауыш білім – 850 000 тг/жыл
• Информатика, химия, биология, география, тарих, құқық, физика – 900 000 тг/жыл
Есіл университеті
• Барлық мамандық – 790 000 тг/жыл

Талапкерлер ректорлық грант, жергілікті әкімдік гранттары, жұмыс берушілер мен демеушілердің қолдау бағдарламалары ақылы да жоғары білім ала алады. Сондай-ақ оқу кезінде ақылы бөлімнен бос грантқа ауысу мүмкіндігі де бар.
Тізімдегі университеттер талапкердің отбасылық жағдайын, денсаулығын, мектептегі үлгерімін немесе өзге де жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады. Оқу ақысын бір жылға алдын ала төлеген абитуриенттерге де жеңілдік қарастырылған.
Сонымен қатар көптеген оқу орындары төлемді ай сайын бөліп төлеу жүйесін қолданады, бұл – қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы.
Грант конкурсының нәтижелері елімізде жоғары білімге сұраныс жоғарыекенін көрсетеді. Мемлекеттік қолдау барлық талапкерлерді қамти алмаса да, грантсыз қалған түлектер үшін мүмкіндік аз емес.
фото: freepik.com

