Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Берденов күдіктінің сөзі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Дария Ғұмар жаңалық 07/08/2025

Берденов күдіктінің сөзі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған шабуылдан кейінгі денсаулығы мен оңалту кезеңіне байланысты сот процесіне қатыса алмайтынын Facebook парақшасында мәлімдеді.

Берденовтің айтуынша, айыпталушы Ернар Жиембай тарапынан жасалып жатқан кейбір мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.

«Соңғы рет мен оны сол күні, дәл өзі аңшы мылтығынан атып кеткен кеште ғана көрдім. Одан кейін біз еш байланыспадық», – деді әкім орынбасары өз жазбасында.

Сондай-ақ, ол Жиембайдың өкілдері «достасуға» тырысқанын, егер келісімге келсе дау тумайтынын, ал бас тартса «ақпараттық шабуыл» болатынын айтып қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

«Дау кәсіби сипатта орын алды. Айыпталушы келісім аясындағы жұмысын толық орындаған жоқ. Мен одан тек уақтылы есеп беруді және міндеттемелерін орындауды талап еттім», – деді Берденов.

Ол Жиембай сотта айтқан «қызғаныш», «жеке қатынас», «жұбайы» деген сөздер – қоғам назарын бұру үшін жасалған манипуляция екенін айтты.

«Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын», – деді әкім орынбасары.

Берденовтың сөзінше, қазір оның денесінде әлі 60-тан астам қорғасын оқ бар.

Сөз соңында ол өз ұстанымының өзгермейтінін, әділ сотқа сенетінін және мемлекетке адал қызмет етуді жалғастыратынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз сот отырысы кезінде күдікті Ернар Жиембай бұл әрекетке оны әйеліне деген қызғаныш итермелегенін айтты. 

фото: Руслан Берденовтың Facebook парақшасынан

 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ернар Жиембай ескертусіз оқ ату Оқ атты Руслан Берденов Шымкент әкімдігі Шымкент соттары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.