Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай 6 тамызда өткен сот отырысында өз кінәсін мойындады. Бұл әрекетке оны әйеліне деген қызғаныш итермелегенін айтты.
Сотта Жиембай тергеу кезінде қысым көргенін атап өтті.
Айыпталушының айтуынша, ол Берденовті өлтіруді емес, тек қорқытуды көздеген.
«Бұл әрекетіме өкінемін. Бәріне қызғаныш себеп болды. Маған тағылған айыпқа жұмысымның қатысы жоқ», – деді Ернар Жиембай өз сөзінде.
Оның сөзінше, олардың отбасы бір-бірімен жақын араласқан. Бірақ Берденов әйеліне «Сен сұлусың»деген хат жолдаған көрінеді.
Сот процесіне дейін прокуратура Жиембай өзінің жұмыстан айырылатынын естіп, Берденовқа кек алу мақсатында оқ атты деген мәлімдеме жасады.
Руслан Берденов сот отырысына қатысқан жоқ. Ресми мәлімет бойынша ол қазір ем қабылдап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әкімдікке қарасты ЖШС басшысы атып кетті.
фото: gov.kz

