Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 4 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға академиялық мәртебе қашан беріледі?
Редакция жаңалық 26/07/2025

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға академиялық мәртебе қашан беріледі?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мамыр айында Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға академиялық атақ берілетіні белгілі болған еді.

Филармония директоры Бауыржан Халиолла қазіргі уақытта Мәдениет министрлігі қабылдайтын құжаттарды дайындап жатқанын хабарлады.

«Шіркін-ай, саңлақ әншінің есімін иеленген қасиетті шаңыраққа келер жылы 60 жыл толады. Сол атаулы мерейтой қарсаңында филармонияға академиялық мәртебе берілсе ғой» деп ойлаушы ем», — дейді мекеме басшысы.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында осы ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз аузынан естігенде, таң қалғанын есіне алады. Бауыржан Халиолла «Атамекен» өнер ордасы мен Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияны біріктіру оңайға түспегенін атап өтті.

«Мамандығым журналист бола тұра, мәдениет саласында аз-кем еңбек етіп келе жатырмын. Былтыр тамыз айында Батыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнер саласында елеулі өзгеріс болды. Ол — «Атамекен» өнер ордасы мен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның оңтайландыру тәсілі бойынша бірігуі еді. Ел-жұрт екіұдай пікірде болғаны рас. Әсіресе ұжым мүшелерінде біраз түсініспеушілік орнады», — деді Б. Халиолла.

Филармония директоры қазіргі уақытта шаруа сәтімен болып жатқанын айтқан. Мекеменің академиялық мәртебе алуы үшін де дайындық қызу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Мәдениет министрлігінің табалдырығын тоздырып, керекті құжатты жинап, тапсыру үстіндеміз. Қазір де апта соңымен санаспай кабинетте қамалып, қағазға көміліп отырмын. Жыл соңында жақсы жаңалықты бірге бөлісуге жазсын, ағайын», — деп тәмамдады сөзін ақын.

фото: Архив

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Аида Балаева Бауыржан Халиолла Ғарифолла Құрманғалиев Мәдениет Мәдениет және ақпарат министрлігі Облыстық филармония
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.