Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды шектен тыс егу және күрішалқаптарын заңсыз суарғаны үшін «Қазсушардың» РМК Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы филиалдары басшыларына қатаң сөгісжарияланды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.
Министрлік дерегінше, Түркістан облысында күріш егу көлемі бекітілген жоспардан 4,7 есе артық орындалған. Жол картасына сәйкес биылаймақта 2 800 гектар ғана күріш егілмек болғанымен, оның нақты көлемі 13 258 гектарға жеткен. Жергілікті «Қазсушар» филиалы шаруалармен күріш алқабын суару туралы жүздеген келісімшарт жасасқан.
Қызылорда облысында да министрлік тексерісі нәтижесінде 126 шаруа қожалығының келісімшартсыз 4 900 гектар күрішті суарғаны анықталған. Шамамен 52 млн текше метр су заңсыз пайдаланылған.
Оңтүстікте ауа райының қолайсыздығынан суару маусымы биыл 20 күнге ерте басталды. Қазірдің өзінде бес облыс 7 млрд текше метр су тұтынған. Түркістан мен Қызылордада – тиісінше 2,82 және 2,5 млрд, ал Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында – 500—600 млн текше метр көлемінде.

