Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Еуроодақ Ресейге қарсы 18-санкциялық пакетті бекітті
Дария Ғұмар Саясат 18/07/2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 18-санкциялық пакетті бекітті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Еуропалық Одақ Украинаға қарсы соғысты жалғастырып отырған Ресейге қарсы 18-санкциялық пакетті бекітті. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кая Каллас мәлімдеді.

“Ресейдің Ураинаны бомбалауы басылар емес, сонымен қатар тыйым салынған химиялық қаруларды қолдану жиілей түсті. Мұның бәрі Ресейдің бейбітшілікті қаламайтынын көрсетеді”, — деп хабарлады ол өз Х парақшасында.

Калластың айтуынша, бұл – ЕО қабылдаған ең қатаң санкциялардың бірі. Жаңа пакет Кремльдің әскери бюджетін қысқартуға, Ресейдің мұнайдан түсетін табысын азайтуға және оның “көлеңкелі флотына” тосқауыл қоюға бағытталған.

Атап айтқанда, Ресейге тиесілі 105 кеме ЕО порттарына кіре алмайды. Сонымен қатар Ресей банктеріне де шектеулер күшейтіліп, тағы 22 қаржылық ұйым SWIFT жүйесінен ажыратылады.

The Guardian дерегінше, Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бейсенбі күні кешке санкциялық пакетке қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Ал бүгін таңертең ЕО елшілері шұғыл жиналыс өткізіп, құжатты қабылдады.

Роберт Фицо (Фото: IMAGO / Global Look Press)

Словакия – Еуроодақтағы REPowerEU бастамасына қарсы шыққан санаулы елдердің бірі. Братислава мен Ресейдің “Газпром” компаниясы арасында 2034 жылға дейін газ жеткізу жөнінде келісімшарт жасалған. Бұған дейінгі ақпараттарда премьер-министр Роберт Фицо осы келісімді сақтап қалу немесе ЕО-дан энергетикалық қауіпсіздікке қатысты өтемақы мен кепілдікалудың жолдарын іздеп жүргені айтылған.

Айта кетейік, Словакия REPowerEU бағдарламасына вето қоя алмайды – бастама ЕО елдерінің бірауызды шешімін қажет етпейді, тек көпшілік дауыспен қабылданады.

Санкциялар Ресейдің мұнайды үшінші елдерге экспорттауынан түсетін табысты шектеуге ерекше назар аударады. Мұнай бағасына қойылған шекті мөлшер енді $60 емес, $47,60-ға төмендеді.

Бұған қоса, ресейлік жанармай, авиаотын және мазутты ЕО-ға тасымалдауға толықтай тыйым салынбақ.

фото: istock.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Еуроодақ Ресей Роберт Фицо Санкция Санкциялық тауарлар Словакия Украина Украинадағы соғыс Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.