Үкімет Батыс Қазақстандағы «Қазақстан теміржолы» АҚ филиалын қайта құруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл жайында премьер-министр Олжас Бектенов депутаттарға берген ресми жауабында мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірдің өндірістік инфрақұрылымы шағын, жүк тасымалы аз, ал жолұзындығы Ақтөбе бөлімшесінің небәрі 13%-ын құрайды. 2024 жылы Орал арқылы тасымалданған жүк айналымы – жалпы нәтиженің 4,3%-ын құрады.
Бектенов жаңа бөлімшені ашу үшін кемі 35 қызметкерді жұмысқа алып, жыл сайын 320 млнтеңге жалақы төлеу қажет болатынын айтқан. Бұған кеңсе, коммуналдық шығын, ІТ қызмет ақысы дақосылады.
Бұған дейін Сенат депутаты Ләззат Рысбекова 2020 жылы Орал бөлімшесінің жабылуынан өңірде көлік-логистика саласы әлсіреп, жүк тасымалы4,6%-ға төмендегенін алға тартқан. Ол БҚО-дағы теміржолдың Ресейдің Приволжская магистраліменжалғасатынын айтып, стратегиялық маңыздылығын еске салды.
Алайда үкімет мұндай деректерге қарамастан, жеке бөлімше ашудың экономикалық тиімсіз екенін айтып, бұл ұсынысты қолдаудан бас тартты.
ҚТЖ мәліметінше, Орал жол дистанциясында 1600-ден астам теміржолшы жұмыс істейді, 200-ден астам техника тіркелген. Филиалдың жылдық экономикалық әлеуеті – 677 млн теңге.
Премьер-министрға жолдаған хатында сенаторлар ҚТЖ-ның басқару функциясы басқа өңірге берілген соң, көмір, жанар-жағармай, битум сияқты маусымдық жүктерді жеткізу қиындағанын, бизнес пен жеке тұлғалар құжат рәсімдеу үшін көрші облыстарға сабылып жүргенін айтқан.
фото: primeminister.kz

