14 шілде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты негізгі сот процесі басталды. Іс Астана қаласының мамандандырылған тергеу сотында қаралып жатыр.
Сот журналистерге тікелей трансляция жүргізуге және айыпталушыны бейнетаспаға түсіруге тыйым салды. Судья Сабыржан Каримовтың айтуынша, бұл шешім сотталушылардың өтінішімен және істегі құпия мәліметтердің жария болып кету қаупіне байланысты қабылданған.
«Айыпталушылар кез келген уақытта түсініктеме беріп, жеке деректерін бөлісуі мүмкін, ал ол кезде БАҚ өкілдерін залдан шығарып, қайта кіргізіп отыру сот процесін тежейді. Сол себепті сот отырысының ашықтығын сақтау үшін БАҚ үшін жеке трансляция залдары ұйымдастырылды», – деді Сабыржан Каримов.
Соттың мәліметінше, сотқа қатысуға 70-тен астам БАҚ өкілі өтініш берген, ал негізгі зал барлығын сыйдыра алмаған.
Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық фондын ашу арқылы 3,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталып жатыр.
фото: Сот процесінен үзінді

