Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Сербияда шеруге шыққандар билікті жемқорлыққа бейім деп сынады – Euronews
Редакция Саясат 29/06/2025

Сербияда шеруге шыққандар билікті жемқорлыққа бейім деп сынады – Euronews

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сербияда шеруге шыққан он мыңдаған адам бірнеше айдан бері тарқамай тұр. Тұрғындар ел үкіметін жемқорлық қылмысы үшін айыптап отыр, деп жазды Euronews.

Белградта шеруге қатысқандар мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етіп келеді. Көшеде наразылық білдірген жастар полициямен қақтығысты.

Бұқараның толқуына 2024 жылдың қараша айында Нови-Сад қаласындағы темір жол вокзалына кіреберістегі шатырдың қирауы себеп болған. Осы оқиға салдарынан 16 адам жазым болды. Прокуратура бірнеше жауапты шенеунікке іс қозғады. Бірақ бұрынғы құрылыс министрі Горан Весичтің тергеуден босатылуы көптің көкейіне күмән ұялатты.

Нови-Сад, темір жол бекеті, фото: Nenad Mihajlovic/AFP/Getty Images

Елдегі студенттер бірден шеруге шыққан. Олардың табанды қарсылығы нәтижесінде үкімет басшысы Милош Вучевич қызметінен кетуге мәжбүр болды. Наразылық акциясының белсенділері елдегі инфрақұрылым жобалары жемқорлық салдарынан ақсап отыр деп билікті сынаған.

Сербия президенті Александр Вучич жуырда парламент мүшелерін сайлау өткізілмейтінін мәлімдеді. Шеруге шыққандармен қақтығыста алты тәртіп сақшысы жараланған. Сенбідегі толқуға 36 мыңдай адам қатысты деп есептейді ІІМ. Полиция қызметкерлері он шақты адамды ұстады.

Сербияда парламент сайлауын 2027 жылы өткізу жоспарланған. Вучич ел ішіне іріткі салғысы келген күштер бүлікті ұйымдастырып отыр деп есептейді.

Фото: © AP Photo / Marko Drobnjakovic

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Белград Еуропа наразылық Сербия шеру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.