Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ
Нұртай Текебаев Экономика 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде  сақтап қалуды ұйғарды. Бұл жөнінде банк төрағасы Т. Сүлейменов мәлімдеді.

«Экономикадағы инфляциялық қысым, ең алдымен, қызметтер мен азық-түлік саласында күшейіп келеді. Инфляциялық күтулер де жоғарылады.

Сұраныс ұсыныстан артып отыр. Тұтынушылық несиелеудің әлі де жоғары болуы инфляцияны қосымша күшейтуде», — деп хабарлады банк төрағасы.

Ұлттық банк төрағасы Ресейдегі инфляция қарқынының күшеюі ел экономикасына кері әсер етіп отырғанын да жоққа шығармады.

Мамырдағы  есеп бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 11,3%-ға жетті.

«Реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің жылдық өсімі 25,8%-ті құрады. Реттелмейтін нарықтық қызметтер де 14,7%-ке қымбаттады», – деп жазылған ҰБ басшысы есебінде.

ТМД елдерінен импорталатын тауарлардың көтерме бағасы жоғарылады. Ауыл шаруашылығы өнімдері де қымбаттады. Осыған байланысты азық-түлік инфляциясы да күшейді.

Банк зерттеуінше шикізат өндірмейтін салаларда сәл де болсан қарқын артқан. Сөйте тұра өндіріс орындары ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр. Тұтыну бағыты бойынша берілетін несие көлемі көбейді.

Мұнай өндірісінің қарқыны төмендеді. Қытай тарапынан қара алтынға сұраныс азайды. Оған қоса ОПЕК+ талабы бойынша Қазақстан өндіріс көлемін шектеуге міндетті.

Data Hub та банк дерегін талдады:

«Негізгі тәуекелдердің ішінде Ұлттық банк ішкі сұраныстың күшеюін, сыртқы қысымды және инфляциялық күтулердің тұрақсыздығын атап өтті. Сонымен қатар ЖЖМ бағасының өсу қарқыны мен ҚҚС-тың көтерілуінен туындайтын жанама әсерлердің қандай болары әзірге белгісіз.

Жалпы алғанда, Ұлттық банк тәуекелдер балансының инфляцияға қарай ығысқанын атап өтті. Сондықтан базалық мөлшерлеме жыл соңына  дейін қазіргі деңгейінде сақталуы мүмкін, алайда оның жоғарылауы да жоққа шығарылмайды».

Айта кетейік, бұған дейін Sarapshy.info экономика деректерін талдаған еді. «DAMU Capital Management» компаниясының бас директоры, экономист Мұрат Қастаев Қазақстан экономикасының Ресейге тәуелді болуының салдары оңай болмайтынын айтқан еді.

 фото: unsplash.com

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ақша-кредит саясаты комитеті Басты ақпарат Инфляция деңгейі Ресей теңге Ұлттық Банк экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026
жаңалық

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау ісіне байланысты тергеу жүргізілген шенеунік қайтыс болды

18/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.