Өткен жылы Қазақстан банктері ел аумағына 2,7 млрд АҚШ долларын алып келген, деп хабарлады “Ручная экономика” ақпарат агенттігі.
Бұл 2022 жылдан кейінгі ең жоғары көрсеткіш: ол кезеңде банктер елге 3,9 млрд доллар әкелген.
2025 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан 1 млрд доллар көлемінде шетел валютасын қабылдады. Бұл аралықта теңгенің долларға шаққандағы бағамы 500-550 теңге аралығында еді.
2024 жылы банктер 1,1 млрд доллар, 2023 жылы – 1,7 млрд доллар, ал 2022 жылы – 3,9 млрд доллар әкелген. Осылайша банктер қолма-қол ақшаны жаңартып отыр.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

