Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 17 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»2024 жылы Қазақстан 8,1 млн тонна астықты экспорттады
Наргиза Ерес sarapshy.info 13/01/2025

2024 жылы Қазақстан 8,1 млн тонна астықты экспорттады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан 2024 жылы 8,1 млн тонна астықты экспортқа шығарды. Ауыл шаруашылығы министрілігің хабарлауынша, ең ірі тұтынушылар тізімін Өзбекстан бастап тұр. 

Өзбекстанға 3,3 млн тонна, Қытайға 1,7 млн тонна, ал Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілген. Бұл көрсеткеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20% артық. Қырғызстанға жіберілген астық көлемі де 2023 жылмен салыстырғанда 1,9 есе (140 мың тонна) артқан.  

2024 жылдың соңғы төрт айында қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 5 млн тонна астық тасымалдап, экспорт көлемі 3,9 млн тоннаға жетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% — ға көп. Өзбекстанға 1,5 млн тонна астық (45% өсу), Тәжікстанға 633 мың тонна (57% өсу), Ауғанстанға 190 мың тонна (51% өсу) жөнелтілген.

Сондай-ақ Иран мен Әзербайжанға астық жеткізу өткен жылы қайта басталды. Министрліктің мәліметінше, Иранға астық жеткізу көлемі екі есеге артып, 526 мың тонна, Әзербайжанға 211 мың тонна астық экспортталды. 

Алайда 2023 жылы Қазақстанның астық одағының сауда комитетінің басшысы Александр Маловтың айтуынша, Ресейлік астық Иран нарығына еніп, Қазақстанның астық жеткізілімдерін ығыстырған. Мысалы, Ресейлік арпа Иранға тоннасына 55 мың теңге бағамен жеткізілуде, бұл Қазақстанның ішкі нарығындағы бағадан әлдеқайда төмен.

Иран мен Әзербайжанға астық жеткізу 2020 жылы екі елдің ішкі саясаты мен сауда шектеулері және логистика мен тасымалдау мәселелері себебінен тоқтаған болатын.

Былтыр астықтың ішкі нарықта өтпеуі және оның қоймаларда қалу мәселесі туындады. Бұл жағдайды шешу үшін Үкімет шаруалардан астық сатып алуға 10 миллиард теңге бөлуді жоспарлағанын хабарлаған еді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 155 мың тоннаға дейін астық сатып алу қарастырылған.

Қазақстан жыл сайын 7-9 млн тонна бидай экспорттайды, оның негізгі бағыты Орта Азия елдері (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан). Сондай-ақ, Еуропа елдері, Иран, Әзербайжан және Қытай сияқты нарықтарға да астық экспортталады.

 

Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
астық экспорты Ауыл шаруашылығы Әзербайжан бидай экспорттайды Иран Өзбекстан Ресей Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025
Экономика

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

16/06/2025
Экономика

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

16/06/2025

Жаңа мақалалар

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

жаңалық 16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

Экономика 16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

Экономика 16/06/2025

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

Әлем жаңалықтары 14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

16/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.