Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 17 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»2024 жылғы нарыққа шолу: Қазақстандағы ипотеканың ерекшелігі
Айбар Олжай sarapshy.info 01/10/2024

2024 жылғы нарыққа шолу: Қазақстандағы ипотеканың ерекшелігі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы Қазақстандағы ипотека нарығы кезекті рекордын жаңартпақ. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында банктердегі ипотека портфелі 5,5 триллион теңгеден асты. Былтырғы жыртыжылдық көрсеткішінен 13 пайызға артық болып тұр.

Портфель деген не? Ол банктер берген ипотеканың (адамдар ай сайын ақшасын төлеп жатқан белсенді ипотекалық кредиттер) жалпы сомасын білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, 20 миллион Қазақстан халқы банктерге ипотека бойынша 5,5 триллион теңге қарыз. Бұл 11 миллиард доллардан асады.

Ипотеканың басқа несиеден айырмашылығы бар ма?

Кредит нысаны үй алу не салу болатын қарыз «ипотека» деп аталады. Яғни сіз ипотекаға көлік ала алмайсыз. Ол тек қана баспанаға арналған. Ипотеканың басты айырмашылығы – кепілде. Дәл сол кредитке сатып алынатын баспана банкке кепілге қойылады. Яғни, несие толық өтелмегенше, пәтер немесе үй Әділет министрлігінің бұғатында (арестте) болады да, оған иелік ету құқығы банкте сақталады.

Ипотека ең ұзақ кредит болып саналады. Оның мерзімі 5 жылдан басталып, 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Басқа кредиттерде мұндай мерзім жоқ. Сонымен бірге, ипотека банктер үшін қауіпсіз қарыз болып саналады. Себебі, қарыз нарықтық құны жоғары кепілзатпен қамтамасыз етілген. Бұл жағдайда несие ұйымы үшін қайтарымсыз ипотекадан дефолтқа ұшырау қаупі өте төмен. Тәуекел төмен болғандықтан, кредиттің бұл түрінде банктер кепілсіз кредитке қарағанда пайыз мөлшерлемесін арзандатып орната алады.

Жалпы кредиттің барлық үстінен қосылатын төлемдерін қоса есептегенде оны қымбаттататын екі фактор бар. Олар: пайыз мөлшерлемесі мен мерзім. Пайыздық мөлшерлеме туралы түсінікті. Бірақ кредит ұзақ мерзімге созылған сайын, борышкердің де артық төлемі өсе түсетінін ескеру керекпіз. Себебі процент жылға жүретін болғандықтан, әр жыл рөл ойнайды.

Биыл Қазақстанда қандай ипотекалар бар?

Қазақстан ТМД аумағында ипотекалық бағдарламалардың бағыты мен сан алуандығы бойынша алғашқы бестікке кіреді. Бізде ипотека нарығы жақсы дамыған. Аталған нарық өзінің эволюциялық жолында түрлі кризистерді де басынан өткергенін білеміз. Біраз жағдайда қаржы секторы одан сабақ алып, оның арты банктерге капиталдың жеткіліктілігі мен қарыз коэффициенті бойынша қойылатын талаптардың қатаңдатылуына алып келді.

2024 жылғы ипотекалық нарыққа үңілетін болсақ, үш негізгі бағытта бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – мемлекеттік бағдарламалар. Олардың несие пайызы нарықтан төмен, бірақ нақты адрестілігі, яғни тек мұқтаж жандарға берілетін шектеулері бар. Екіншісі – жас ерекшелігіне байланысты бағдарламалар. Бір сөзбен айтқанда, жастарды қолдау мақсатында ашылған. Үшіншісі – коммерциялық ипотека мен құрылыс компаниялардың өздері ұсынатын бөліп төлеу акциялары.

Қазір белсенді жұмыс істеп жатқан бірнешеуін шолып өтсек:

Кез келген адамға арналған еш шектеусіз ипотека:

• Altyn Bank ұсынатын «Оңай» ипотекасы. Бұл – BI Group, Базис сынды құрылыс компанияларымен екі жақты келісім негізінде әзірленген ипотека. Тек белгілі бір тұрғын үй кешендеріне беріледі. Бастапқы жарна 20% болған жағдайда, 15 жылға шамамен 14% мөлшерлемемен рәсімдеуге болады. Ал егер бірден 50% құйылса, онда мөлшерлеме 11 пайызға дейін түседі.

• Freedom банкінің Цифрлық ипотекасы. Оған бастапқы, жаңа үймен қоса қолданыстағы пәтерлерді ала беруге болады. Қазіргі орташа мөлшерлемесі 14% деңгейінде.

• Отбасы банктің тұрғын үй займы (кез келген тұрғын үй). Бұл ең арзан ипотека, бірақ оны алудың өзіндік шарттары бар. Депозитті кемінде үш жыл үзбей толықтырып отырып, шартта көрсетілген соманы жинау керексіз. Сол кезде қалған жартысын 3%—5% мөлшерлемемен ала аласыз. Бағалау көрсеткіші 16-дан төмен болмауы керек.

• Freedom Bank-тің Каскадтық ипотекасы (банктің серіктес құрылысшылары ұсынатын бастапқы тұрғын үй). Қарыз мерзімі неғұрлым қысқа болса, артық төлем соғұрлым аз болады. Мысалы, алғашқы үш жылда мөлшерлеме 7%-дан 12%-ға дейін болады. Үш жылдан көбірек мерзімге алсаңыз, процент қымбаттайды. Бастапқы жарна 20%-дан басталады.

Басында үйі және ипотекасы жоқ адамдарға:

• «7-20-25» бағдарламасы. Тек бастапқы тұрғын үй ала аласыз. Атыңызда үй және басқа ипотека болмауы керек. Бір рет қана қатыса аласыз. Ең тиімді ипотека. Себебі бастапқы 20% жарнамен 25 жылға 7% мөлшерлемемен алуға болады. Бірақ берілетін кредит сомасы мен пәтер құны шектелген, кредит сомасы 20 миллион теңгеден аспайды. Оның үстіне, бағдарламаны қаржыландыруда жылына 100 миллиард теңге лимит бар. Сондықтан оған деген кезек тым ұзаққа созылады.

• «Отау». Отбасы банк беретін ипотека. Ірі қалаларда тек бастапқы тұрғын үй, қалғандарында кез келген тұрғын үйді алуға болады. 9% мөлшерлеме, 19 жылға дейін, бастапқы жарна 20%. Отбасы банкте кез келген мерзімдегі 1 миллион теңгеден жоғары депозит керек. Өтінім беруші мен оның отбасының атында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі тіркелмеуі шарт.

• «Наурыз». Ол да Отбасы банк ипотекасы. (Астана мен Алматыда тек бастапқы тұрғын үй, қалғандарында — кез келген тұрғын үй). Әлеуметтік осал топтар үшін мөлшерлеме 7%, басқалар үшін — 9%. Отбасы банкте кез келген мерзімдегі 1 миллион теңгеден жоғары депозит керек. Өтінім беруші мен оның отбасының атында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі тіркелмеуі шарт.

Жастар ипотекасы:

• 35 жасқа дейінгі бағдарламалар көбіне өңірлік деңгейде болып келеді. Мысалы, Елорда жастары, Атырау жастары, Алматы жастары. Мөлшерлеме 5%, бастапқы жарна 10%-дан бастап. Қарыздың максималды сомасы 18 миллион теңгеге дейін. Денсаулық сақтау, білім беру, БАҚ, спорт, әлеуметтік сала және басқа да белгілі бір салаларда ресми жұмыс өтілі болуы керек. Бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйді алуға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік ипотека. Әкімдікте кезекте тұру шарт:

• «Бақытты Отбасы» (бастапқы және қолданыста болған тұрғын үй). Мөлшерлеме – 2%. 20 жылға, бастапқы жарна – 10%.

• «Шаңырақ» (бастапқы тұрғын үй). Мөлшерлеме – 5%. 20 жылға, бастапқы жарна – 10%.
Бұдан бөлек, басқа да жеке банктерде коммерциялық ипотекалар бар. Негізгі шарттары ұқсас. Ал пайыздық мөлшерлемелері жылдық 18-20% болып келеді.

Ипотека
–
баспанаға қол жеткізе алмай жүрген отбасылар үшін көбіне мәселені шешудің жалғыз жолы болып келеді. Пәтерде тұрып жүріп, бір мезетте үлкен қаржыны жинау оңай емес. Кей-кездері тіпті мүмкін емес. Ипотека ұзаққа созылатын болғандықтан, ол жауапкершілік пен қаржылық тәртіпті талап етеді.

Кез-келген несие алмас бұрын, өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді әбден зерттеп алыңыз. Жағдай кез-келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. Сіз соған дайынсыз ба? Осының барлығын ескерген жөн.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
2024 жыл Әділет министрлігі Қазақстан Қазақстандағы ипотека нарығы Тұрғын үй
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.