Подстепное ауылында орналасқан халықаралық маңызы бар Ақтөбе–Орал–РФ тасжолының 254-262 шақырымында орналасқан Жайық өзені үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 5 тамызда қайта ашылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО хабарлауынша, көпірді жөндеу жұмысына 1,2 млрд теңге бөлінді.
Құрылыс көпірдің деформацияланған жіктерін ауыстыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Қазір жүргізушілерге Бортау кенті арқылы айналма жол ұсынылды.
Сонымен қатар, қала ішінде де жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілді. 18 шілдеден 21 шілдеге дейін С. Датов пен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
фото: tdk.42