Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қызды құтқарам деп суға кеткен екі мұғалімнің ерлігі елеусіз қалмаса екен» — БҚО-дағы ауыл тұрғындары бастама көтерді
Дария Ғұмар sarapshy.info 14/08/2025

«Қызды құтқарам деп суға кеткен екі мұғалімнің ерлігі елеусіз қалмаса екен» — БҚО-дағы ауыл тұрғындары бастама көтерді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық ауылында Жайық өзеніне батып бара жатқан 13 жастағы қызды құтқарған кезде екі мұғалім суға кетті. Ауыл тұрғындары оларды марапаттауды сұрап отыр. Бұл туралы белсенді азамат Бекзат Сәбитов Facebook парақшасында хабарлады.

Қайғылы оқиға 10 шілдеде болған. Абай ауылындағы мектептің ағылшын тілі мұғалімі, 37 жастағы Қанат Шайхиденов пен Астана BINOM мектебі физика пәнінің мұғалімі, 25 жастағы Бекарыс Аминов жасөспірім қызды судан алып шығып, өздері жағаға қайтадан жүзіп шыға алмаған.

Қанат отбасымен өзен жағасында демалып жүрген, ал Бекарыс ауылына демалысқа келген. Екі азамат бірін-бірі жеке танымайды. Суға батып бара жатқан қыз Бекарыс Аминовтың туысқаны болған. Ол суға батып бара жатқан қарындасын көріп суға жүгіреді, сол жерде жүзіп жүрген Қанат Шайхиденов те көмек көрсетуге тырысады.

«Ерлікпен қаза тапқан ержүрек әкесінің жантәсілім сәтін өз көзімен көрген жары мен бес баласы өң мен түстің арасында аңырып қала берді. Қыршын кеткен екі жас та қысылтаяң сәтте өз бастарын қатерге тігіп, өзгенің өмірін құтқару үшін көзсіз ерлікке бара білді. Боздақтардың осы ерлігі ескеріліп, жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау тапса дейді ауыл тұрғындары», — делінген Facebook-тағы жазбада.

Қанат Шайхиденов – жоғары санатты ұстаз, бес баланың әкесі, оның тұңғышы – ерекше бала, кенжесі үш айлық. Ал Бекарыс Аминов тамыз айында үйленгелі отырған.

Ауыл тұрғындары ұстаздардың ерлігін атап өтіп, отбасыларына қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Бекзат Сәбитов Sarapshy.info редакциясына берген сұхбатында марқұмдарды марапаттау үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне хат жолдағанын айтты.

«Оқиға болған күннен батап Қанат Шайхиденовтың артынан қалған бес баласына барынша қолдау көрсетіп, қаражат жинап жатырмыз. Өкініштісі, өзен маңында суға түсуге тыйым салынғанын ескертетін еш белгі жоқ. Былтыр осы жерде тағы бір адам суға батып кетті. Өзеннің арғы бетінде төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері демалып жүрген. Олар суға батып бара жатқан адамдарды көріп, барынша көмектесуге тырысқан…», – деді ол.

Осы жазда БҚО-да 23 адам суға батып кеткен. Олардың бесеуі кәмелет жасына толмаған. Бұл туралы өңірлік ТЖ қызметі хабарлады.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
BINOM Абай ауылы Бекарыс Аминов Бекзат Сәбитов екінші Қанат Шайхиденов ҚР Төтенше жағдайлар министрі Суға батты Суға кетті Теректі ауданы Төтенше жағдайлар департаменті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқиға

Түркістан облысында бір үйде тоғыз бала өрттен қаза тапты

18/11/2025
жаңалық

БҚО-да қаражат ұрлаған кітапхана есепшілеріне шартты жаза тағайындалды

29/10/2025
жаңалық

БҚО-да қатарласына пышақ сұққан жасөспірімге қатысты іс қозғалды

20/10/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.