2015 жылдан бері Қытайда жазасын өтеп жүрген Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау процесі жақында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.
Қойгелдиевтің айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару үшін белсенді жұмыс жүріп жатыр.
«Біз Сыртқы істер министрлігімен бірге Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Бұл іс бойынша жұмысысызды тоқтатқан жоқпыз. Меніңше, жақын арада бұл мәселе оң шешімін табады», – деді ол.
Журналистер прокурордың орынбасарына «Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбаймен байланыстасыздар ма?» деген сұрақ қойды.
«Бізге Ақжарқынның өз жазасын елде өтегісі келетіні туралы өтініші бізге келіп түсті. Адвокаты онымен тұрақты түрде байланыста отыр», — деп жауап берді Қойгелдиев.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайдың Гуанчжоу әуежайында есірткі тасымалдады деген айыппен ұсталған болатын. 2015 жылдың 15 маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
фото: Сұңқар Нұрмағамбетов

