Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қытай компаниясы БҚО-да метанол өндіретін зауыт салып жатыр
Нұртай Текебаев Экономика 25/09/2025

Қытай компаниясы БҚО-да метанол өндіретін зауыт салып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында инвесторлар метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысын бастады. Бұл жөнінде БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

«Құрылыстың бас мердігері – «Сан Бао «Шыңжаң сауда-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС (Xinjiang Sanbao Industrial Group Co. Ltd.). Сонымен қатар облыс әкімі Н. Төреғалиевтің 28-30 маусым күндері Қытай еліне жасаған жұмыс сапары барысында  Foshan City Construction Engineering Co, Ltd компаниясымен меморандумға қол қойылды. Аталған компания да инвесторлардың бірі», — деп хабарлады аталған басқарма.

Инвестиция көлемі – 75 млрд теңге

Аталған басқарманың мәліметі бойынша Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округінде жылына 130 мың тонна метанол өндіретін зауыт салынып жатыр. Жоба жетекшісі – «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС.

Зауыт құрылысына шамамен 75 млрд теңге (139 млн АҚШ доллары) инвестиция қаражаты жұмсалады. Құрылыс мерзімі – 2,5 жыл.

Негізгі мердігер – Қытайдың Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. компаниясы. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (жабдықтарды сатып алу) және Qazaqstan Investment Corporation (Baiterek венчурлық қоры, BV Management) (құрылыс-монтаж жұмысы) да жобаны қаржыландырады.

Құрылыс кезеңінде шамамен 400 адам жұмысқа тартылады. Зауыт іске қосылғаннан кейін 250 тұрақты жұмыс орны құрылады. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы жобаның өңірдің өңдеу өнеркәсібін, әсіресе химия саласын дамытуға септігі тиетінін атап өтті.

Зауытқа қажет шикізат «QazaqGaz» АҚ арқылы жеткізіледі. Өндірілген метанол негізінен елдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарына (Атырау, Шымкент, Павлодар) және мұнай өндіру компанияларына (ҚПО, ТШО, ҰОС) бағытталады. Бұл өндіріс ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп, Ресей импортын ығыстыруы тиіс.

Метанол қандай шикізат?

Метанол – улы, түссіз, иіссіз сұйықтық, қазіргі заманғы өнеркәсіп үшін маңызды шикізат.

Ол:
  • мұнай-газ саласында қоспа ретінде, гидрат түзілуінің алдын алу үшін;
  • химия өнеркәсібінде формальдегид, пластмасса, бояғыштар, еріткіштер жасау үшін;
  • энергетикада биоотын мен жасыл энергетика саласында болашақта сұранысқа ие өнім ретінде қолданылады;
  • фармацевтикада және тұрмыстық химияда да кеңінен пайдаланылады.
Қазақстан қайдан импорттайды?

Қазіргі таңда Қазақстанда метанол өндірілмейді, бұл сұйықтық түгелдей дерлік Ресейден импортталады. Метанол импорты туралы ашық дереккөздерде ақпарат аз.

Кейбір мәліметтерге үңілсек, wits.worldbank сайтында жарияланған дерек бойынша 2023 жылы Қазақстан 33 345 тонна (құны – 8,6 млн $) метанолды  импорттаған. Оның 99,9%-ы – Ресей өнімі (33 339 тонна). Өзге елдер үлесі өте аз (Германия, Франция, Испания т. б., 0,1%-дан төмен).

Ал 2022 жылы теміржол желісі арқылы 49,4 мың тонна метанол тасымалданды. Ресейден 39,1 мың тонна, Өзбекстаннан 10,3 мың тонна метанол жеткізілді. Сол жылы Қазақстан тарапынан сұраныс көлемі артқан. Өзбекстандағы «Навоиазот» зауытының шикізатын сатып алған. Ресейлік «Щекиноазот», «Метифракс Кемилкас» зауыттары елге метанол импорттаған.

Қазақстанда Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Шымкент химия компаниясы — метанолды ең көп тұтынатын кәсіпорындар қатарында.

Нарық үшін қаншалықты тиімді?

Сарапшы Бауыржан Биахмет Қазақстан метанол өндірудің тиімділігін сараптау керек еді деп есептейді.

«Менің ойымша, метанолды көрші елдерден тасымалдау әлдеқайда арзанға түсер еді. Нарықта өткізу үшін тауардың сапасы да, бағасы да тиімді болуы керек. Осы жобаны талқылағанда экономикалық тиімділігіне байланысты талдау жүргізілді ме деген сауал көтерген едік. Бірақ бұл сұрақ басы ашық күйінде қалды», – деді Бауыржан Биахмет.

Айта кетейік, Маңғыстау әкімдігі де Condor Energies энергетикалық компаниясымен келісім жасап жатқаны мәлім болды. Бұл компания сұйытылған газ бен метанол өндірісіне инвестиция салмақ.

фото: pexels

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Жасыл экономика» БҚО зауыт Инвестиция инвестор Қытай метанол өндіріс сарапшы сарапшы инфо сарапшы пікірі Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Түркия инвесторлары қант зауыттарын қаржыландырады

02/12/2025
жаңалық

Елде дропперлікке қатысты 10 істің үшеуі БҚО-да тіркелді

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.