Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қыркүйек айында елде инфляция деңгейі 8,3% болды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 01/10/2024

Қыркүйек айында елде инфляция деңгейі 8,3% болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйекте тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,4%-ды құрады. Тамыз айында 0,6% болған еді. Ақылы қызметтердің бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі өзгеріссіз қалды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер – 6,2%, су бұру мен электр энергиясына тарифтер 1,1%-дан өсті. Жеке жалпы білім беру ұйымдарының қызметтеріне баға деңгейі 17,1%, кәсіптік орта білім беруге – 12,3%, жоғары білім беруге 10,3% өсті.

Бағаның өсуі отынға – 2,9%, тас көмірге 2,5% байқалды. Автокөлік бағасы 1,7%, жиһаз бен тұрмыстық заттар – 1,4%, киім мен аяқ киім 0,9% өсті.

Азық-түлік өнімдерінен баға қиярға – 11,9%, апельсинге – 7,8%, жұмыртқаға – 6%, қызанаққа – 5,1%, күнбағыс майына 4,1% өсті. Бағаның төмендеуі картопқа – 13,5%, сәбізге – 11,9%, жүзімге – 10,3%, пиязға – 10%, қызылшаға 5,9% байқалды.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қызылорда облысында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгіcі – Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облысында болды.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Маңғыстау облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларына – Абай облысында 2,1%, ақылы қызметтерге – Қызылорда облысында 2,7% өсті.

Қыркүйек айында жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,3%-ды құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,6%, азық-түлік тауарларының бағасы – 5,1% өсті.

2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, суық суға – 29,4%, су бұруға – 24%, электр энергиясына – 23,7%, қоқыс шығаруға – 18,1%, ыстық суға 17,4% өсті. Байланыс қызметтері – 15%, денсаулық сақтау қызметтері 11,6% қымбаттады.

Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 48,9%, белсендірілген көмірге – 31%, хилак фортеге – 25%, парацетамолға 16% өсті. Қызанақ – 28,2%, сарымсақ – 25,6%, қияр – 22,5%, банан 12,9% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 26,5%, қарақұмық жармасы – 22,5%, лимон – 18,4%, сәбіз – 12,8%, күнбағыс майы 12,1% арзандады.

Айта кетелік, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.

Осы жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2%-ды құрады.

Жалпы Қазақстанда жылдық инфляцияның үш ай қатарынан төмендегені байқалады. Шілдеде жылдық инфляция 8,6%-ды құраса, тамыздағы көрсеткіш – 8,4%-ды, қыркүйекте – 8,3%-ға дейін баяулады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Инфляция деңгейі ҚР Қыркүйек айы Тұтыну бағаларының айлық индексі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.