АҚШ президенті Дональд Трамп елде ядролық қару сынақтарын қайта жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ол Truth Social желісінде хабарлады.
Трамп басқа елдердің сынақ бағдарламаларына байланысты Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруды «тең дәрежеде сынау» жөнінде нұсқау берген.
«Ядролық сынақтарды еш кедергісіз бастауымыз керек. Ресей бұл салада бізден кейін екінші орында тұр. Қытай бес жыл ішінде бізді қуып жетеді», — деді ол.
Бұл мәлімдеме Трамптың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жеке кездесуі қарсаңында, Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жарияланды.
фото: Win McNamee / Getty Images

