Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Тоқаев: «Халықтың жартысының ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден аспайды. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес»
Нұрлыбек Рахманов Экономика 21/01/2022

Тоқаев: «Халықтың жартысының ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден аспайды. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды sarapshy.info. 

«2020 жылғы ұлттық табыс құрылымында бизнестің табысы ең жоғары үлесті алған – 61,5%. Салықтардың үлесі небәрі 7,3%, ал қазақстандықтардың жалақысының үлесі үштен бірге де жетпейді – 31 пайыздан аз. Бұл өте аз. Мысалы, Ресейдің экономикалық құрылымы бізге ұқсас болғанымен, еңбекке ақы ның ұлттық табыстағы үлесі 46,7% болып отыр. Яғни біздікінен 1,5 есе көп. Ұлттық табысты әділ бөлудің айқын теңгерімсіздігі мен көрінеу проблемасы бар. Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда KPMG, Қазақстан әл-ауқатының жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етіп отырғанын мәлімдеді. Ал халықтың жартысының ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылдық табысы 1300 доллардан әрең асады деген сөз. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес», — деді Президент Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуде. Сондай-ақ елде экономикалық өсім бар болғанымен оның игілігін шектеулі элиталық топтар көріп отырғанын, халықтың басым бөлігнің табысы азаюы мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіредтінін ескертті. «Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік тұрғыда, одан кейін саяси бөлінуіне әкелуі мүмкін. Ондай жікшілдіктің алғашқы белгілері су бетіне шығып та үлгерді. Әрине, бұлай кете беруге болмайды. Тәуелсіздік алып, бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасалғаннан кейін кәсіпкерлер табын қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басты бағыты болды. Салықтық жеңілдіктер, преференциялар, қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылды. Экономикалық модель бизнеске дамуға мүмкіндік берсе, жұмыс орындары мен халықтың табысы соның есебінен артады деген сенім болды. Бұл көп жағдайда жұмыс істеді, бірақ күткен нәтижені толық көлемде ала алмадық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.