Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Тоқаев бизнесмендерге: «Болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, онда қаражаттарыңызды біздің елге қайта инвестициялау керек»
Нұрлыбек Рахманов Шолу 21/01/2022

Тоқаев бизнесмендерге: «Болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, онда қаражаттарыңызды біздің елге қайта инвестициялау керек»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі, олар – капиталды елге қайтару және офшорға қаржы шығаруға тосқауыл қою. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.

«Үкімет инвестициялық міндеттеменің орындалуына талдау жүргізуі керек. Дәл қазір шетелдік инвестициялар үшін күрес шиеленіскен кезде біз ішкі резервтерге барынша көбірек арқа сүйеуіміз керек. Мұнда әрине, отандық компаниялардың қаражаты туралы айтылып отыр. Егер сіздер өз болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, онда қаражаттарыңызды біздің елге қайта инвестициялау керек. Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз осы. Іс жүзінде «Елде табыс табамыз – оны шетелде жұмсаймыз» деген қағидаттың болуына бұдан былай еш құқығы жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілетінін айтты. «Сондықтан жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілетін болады – елге капиталды қайтару мен капиталды қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ офшорға қаржы шығаруға тосқауыл қою»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Үкімет барлық кен орындарына тексеру жүргізуі тиіс. Егер кен орны құрдан бос алынса, онда оны қайтарып алу және ол жерде жұмыс істеуге дайын тұрғандарға беру қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Елге инвестиция тартудың тағы бір бағыты мемлекеттік-жекешелік серіктестікті қайта ретке келтіру болуы тиіс. Бүгінде бұл құрал шын мәнінде мемлекеттік сатып алулар процендурасын айналып өтуідің құралына айналған. Бюджетке барлық кәсіпкерлік тәуекел аударылады. Жоғары жеңілдіктер мен жоғары шектеулер негізсіз ұсынылады. Үкіметке мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа заманауи тәсілдерін құру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ҚР Президентінің атап өтуінше, міндеттемелер, тәуекелдер мен кірістер бастамашылар мен мемлекет арасында теңгерімді бөлінуі тиіс.

Сондай-ақ экономиканы деолиголизациялау бойынша қатаң саясат қажет деп атап өтті Президент. «Жасанды құрылған жекеменшік монополияға сараптама жүргізу қажет. Операторлар, әсіресе жекеменшік операторлар өткенге кетуі тиіс. Егер естеріңізде болса, бұрынырақта «өтеп алушы» деген термин болған. Жеке компания тиісті төлемге мемлекеттің бірқатар экономикалық қызметін өзі орындау үшін сатып алды. Мұның ешқандай да жақсылығы болған жоқ. Бәсекелестік үшін бәрі ашық болуы тиіс. Ертеректе қабылданған барлық шешімдерге сараптама жүргізу жәнен оларды өзгерту бойынша шара қабылдау қажет. Нарықта жасанды жолмен құрылған барлық көптеген делдалдық тізбекті жою қажет. Ешкім шешкісі келмейтін проблема», — деген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жекеменшік монополияға заңнамамен тыйым салуды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

01/07/2025
Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025
Қаржы

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

28/06/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

Шолу 01/07/2025

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

Әлем жаңалықтары 01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

жаңалық 01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

жаңалық 01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі халық саны қалай өзгеріп жатыр?

01/07/2025

Үндістанда зауыт жарылып, 40-қа жуық адам қаза тапты

01/07/2025

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.