Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Resources холдингі 2025 жылдың алғашқы жарты жылын 3,5 млрд теңге шығынмен аяқтады. Бұл ақпарат KASE сайтында жарияланған қаржылық есепте мәлім болды.
Joint Resources (JRES) – тау-кен, мұнай-газ, электр энергиясы және химиялық өндіріс салаларына инвестиция тартумен айналысатын компания. JRES 2012 жылы Құлыбаевтың бастамасымен ашылды.
2025 жылдың алғашқы жартысында компанияның операциялық пайдасы 196,5 млрд теңгені құрады. Негізгі шығын қаржылық кірістер мен шығыстардың айырмасынан қалыптасып отыр: кіріс – 26,8 млрд теңгеболса, шығыс – 29 млрд теңге (жылына +59%). Шығыстардың басым бөлігі берілген қарыздардың дисконтынан тұрады.
Құжаттарға сәйкес, биылғы шығын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе азайған. 2024 жылы холдингтің жылдық шығыны 86 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері компания қарызға 203,4 млрд теңге көлемінде ақша берген. Барлық қарыз компанияның жалғыз акционері Тимур Құлыбаевқа тиесілі ұйымдарға және негізгі басқарушы құрамның атына тіркелген.
Қазір холдинг активтері 44,7 млрд теңгеге өсіп, 397,5 млрд теңгеге жетті, ал капитал 3,5 млрд теңгеге азайып, 308,2 млрд теңгені құрады.
фото: olympic.kz

