Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Теңізшевройл» Батыс Қазақстандағы зауытты құрғақ газбен қамтамасыз етпек
Наргиза Ерес sarapshy.info 14/12/2024

«Теңізшевройл» Батыс Қазақстандағы зауытты құрғақ газбен қамтамасыз етпек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылғы 11 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы «КМГ ПетроХим» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) арасында құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарт аясында ТШО Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына жылына 9 млрд текше метрге дейін құрғақ газ жеткізіледі. Бұл шикізаттан алынатын этан жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауытта пайдаланылады.

Газды бөлу кешені ТШО-ның құрғақ газынан кемінде 98% этан алуға мүмкіндік береді, ал алынған этан болашақ полиэтилен өндірісінің негізгі шикізатына айналады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарт шарттарын жаңартуға қадамдар жасалғанын айтты.

«Бұрын қол қойылған келісімшарттың бірқатар талабын қайта қарау арқылы Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие мұнай-газ химиясы саласындағы ГСК және Полиэтилен жобаларын жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар, ең алдымен, еліміздің одан әрі индустриялық және экономикалық дамуына бағытталған», — деді.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон да құрғақ газды жеткізу туралы жаңартылған келісімшарт — бұл саладағы стратегиялық қадамның бірі екенін атап өтті.

«ТШО — елдің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту стратегиясын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының энергетика саласына айтарлықтай қолдау көрсететін бірден-бір кәсіпорын. ГСК жобасы үшін құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қою – мұнай-химия саласындағы маңызды кезең. Ал ТШО үшін бұл негізгі шикізат жеткізуші компания ретінде үшінші ірі жоба», — деді бас директор.

Айта кетейік, Газ Сепарациялық Кешені (ГСК) — Қазақстанның Атырау облысында салынып жатқан маңызды мұнай-газ химиясы жобасы. Бұл кешен құрғақ газдан этанды бөліп алуға арналған, оны кейіннен полиэтилен өндіруде шикізат ретінде пайдалану жоспарланған.

Осыған дейін Атыраудағы полиэтилен зауытының құрылысы басталғанын жазған едік. 2024 жылы 11 қыркүйекте «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы басталған еді. Жобаның инвестициялық құны — 7,4 миллиард АҚШ доллары. Құрылыс жұмысы 2029 жылы аяқталады деп жоспарланды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Полиэтилен» зауыты туралы :

«Полиэтилен» жобасын шикізатпен (этанмен) қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнында газ бөлу кешені (ГСК) салынады. ГСК қуаты жылына 9,1 млрд м3 құрғақ газды қайта өңдеу, оның ішінде 1,6 млн тонна Этан бөлу көзделіп отыр. Этан теңізден «Қарабатан» алаңына («НИНТ» АЭА аумағы, Атырау облысы) дейін Магистральдық құбыр арқылы бағытталатын болады, онда полиэтилен өндіретін зауыт жұмыс істейтін болады» — деген еді.

Сурет: kmg.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«ҚазМұнайГаз» «Қарабатан» алаңы Атырау облысы Газ Сепарациялық Кешені (ГСК) Полиэтилен өндіретін зауыт Теңізшевройл
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.