Қазақстан мен Өзбекстан туризмді дамыту және көлік байланысын күшейту мақсатында жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турларды іске қосады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік министрлігі 1 желтоқсаннан бастап Түркістаннан Бұқарға, Үргенішке (Хиуа) және Самарқандқа қатынайтын рейстерді іске қоспақ. SCAT әуекомпаниясы әр бағыт бойынша аптасына үш рет ұшады, билеттер сатылымға шығарылған, бір жаққа ұшу құны – 40 мың теңге. Алғашқы кезеңде тұрақты жолаушы ағынын қалыптастыру үшін рейстер субсидияланады.
Туризм және спорт министрлігі Жібек жолы бойынша Орталық Азияның ортақ маршрутының жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оған Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұқар және Хиуа кірді.

фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау