Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты үйде өрт шығып, 12 адам көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Коттедж өрт сөндірушілер келген сәтте толық отқа оранған. Үйден тоғыз бала мен үш ересек адамның мәйіті табылды. Көршілердің айтуынша, үй иелері алдыңғы күні қонақ шақырған.
Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау кезінде үйде ес-түссіз жатқан үш адамды тауып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Олардың ішінде екі ересек және бір бала бар.
Өрттің аумағы шамамен 360 шаршы метрге жеткен. Оқиға орнында барлық жедел қызметтің жұмысы жалғасып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, өрттің себебін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.
фото: freepik.com

