2021-2023 жылдары Түркістан облысы Жетісай ауданында білім бөлімінің 46 қызметкері 4 млрд теңге ұрлады деп танылды. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жетісай аудандық білім бөлімінің басшылары мен 44 бухгалтерге мемлекеттік мүлікті иемденіп, жымқырғаны үшін айып тағылған. Тергеу барысында айыпталушылардың үшінші тұлғалардың атына жалақы аударып отырғаны анықталған. Бұл адамдардың ешқайсысы білім бөлімінде қызмет атқармаған.
Қылмыстық істің негізгі фигуранттары – бөлім басшылары және бухгалтерлер. Бөлім басшылары өз кінәсін мойындамады.
Сот шешімі бойынша бөлім басшылары М. мен Ш. сәйкесінше 10 жылға және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ш.-ның жазасы 5 жылға шегерілді (кішкентай балалары бар болғандықтан).
Қалған 34 айыпталушы 5-8 жылға дейін, 8 адам 1-3 жылға дейін түрме жазасына кесілді.
фото: freepik.com

