Қазақстанда екі қант зауытын салу үшін түркиялық Cengiz Holding 500 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Cengiz Holding жылына 300 мың тоннаға дейін қант өндіретін екі зауыт салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Компания Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының климаттық жағдайы мен инфрақұрылымын зерттеуді қолға алған.
10 жылда жобаларға 500 млн доллар инвестиция құю көзделген. Құрылыс келесі жылы басталып, екі жыл ішінде аяқталуға тиіс. Зауыт ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етіп қана қоймай, мал азығы, тамақ өнеркәсібіне арналған өнімдер және техникалық спирт шығаратын қосалқы өндірісті дамытпақ.
фото: freepik.com

