Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Сырты бүтін, іші түтін». Оралдағы жатақхананың жағдайы оңалмай тұр
Дария Ғұмар жаңалық 14/09/2025

«Сырты бүтін, іші түтін». Оралдағы жатақхананың жағдайы оңалмай тұр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Threads әлеуметтік желісінде «Bettercallnurlan» атты аккаунт иесі Орал қаласындағы «Гаухар» жатақханасының кіреберісінде түсірілген фотоларды жариялады. Кадрларда Абай көшесіндегі үйдің ішіндегі сұрықсыз көріністі байқауға болады. Қабырғалардың бояуы қопарылып, сылағы үгітіліп түскен. Шатырдың бір бөлігі құлап, төбеден тамшы тамғаны байқалады. 

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы деректерге сәйкес 2025 жылы аталмыш үйдің фасадына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған шамамен 23 миллион теңге бөлінген. Қасбетті әрлеуге қыруар қаражат жұмсалғанына қарамастан, ғимараттың ішкі жағдайы өзгеріссіз қалды.

Sarapshy.info тілшісі аталмыш жағдайға байланысты қала әкімдігіне сауал жолдады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, нысанның қасбеті жергілікті бюджет есебінен жөнделгенімен, үйдің өзі ТКШ бөлімінің теңгеріміне кірмейді.

Заң бойынша көпқабатты үйдің кіреберістері, дәліздері, баспалдақ алаңдары мен шатырларын күтіп-ұстау тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүргізілуге тиіс.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 32-бабына сәйкес, меншік иелері ортақ мүлікті жөндеу мен күтуді өздері ұйымдастыруға міндетті. Ол үшін пәтер иелері жиналыс өткізіп, ортақ шешім қабылдауы қажет», — делінген әкімдіктің жауабында.

«Тұрғындардың қарызы 10 млн теңгеге жетті»

Үй жекеменшік «Шаңырақ» пәтер иелері кооперативінің қарамағында. Оның иесі Салтанат Аманғалиева жатақханаға қатысты мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таба алмай келе жатқанын айтады.

«Бұл үйдің жағдайы 20 жылдан бері сол қалпында тұр. Тұрғындардың бір бөлігі бірнеше рет ұжымдық арыз жазды, бірақ бұдан да еш нәтиже болмады.

Жатақханада тұратын 260 отбасының 240-ы пәтерін жалға алып отыр. Әр пәтердің коммуналдық төлемдері ай сайын 1200-1400 теңгеге шығады, бірақ оны төлеуге ешкім асығып жатқан жоқ. Қазір тұрғындардың қарызы 10 млн теңгеге жетті.

Биыл әкімдік жатақхананың фасадын жөндеуге кірісті, бірақ одан көрі сынып жатқан шатырды дұрыстағандары жөң еді», – деді ол.

Жатақханадағы қиындық тек санитарлық мәселелерге ғана емес, тұрмыстық түйткілдерге де әкеліп отыр. ПИК иесінің айтуынша, көршілербір-бірімен жиі жанжалдасатын көрінеді.

Қазір Орал қаласында кеңес дәуірінен қалған 20-ға жуық жатақхана бар, олардың басым бөлігі жөндеуді талап етеді.

фото: @bettercallnurlan/Threads

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
"Шаңырақ" ПИК-і 2025 Басты ақпарат БҚО Жатақхана Жергілікті бюджет Мемлекеттік сатып алулар порталы Орал Орал әкімдігі ТКШ Тұрғын үй-коммуналдық қызмет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.