Су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге Үкімет резервінен 49 млрд-қа жуық қаржы бөлінді

Көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 48 736,2 млн теңге бөлінді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Үкімет резервінен бөлінген қаржының 405 млн теңгесі Арқалық қаласында 31 пәтер алуға жұмсалған.

Сонымен қатар Қостанай облысының Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында орналасқан «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,4 млрд теңге бөлінді.

Батыс Қазақстан облысындағы үш электр желісін жөндеуге 1 128,0 млн теңге бөлінген.

Олар: «Бәйтерек ауданы 10 кВ Шалғай – Таловая», «Бөрлі ауданы 35 кВ Кеңтүбек (Григорьевка) – Александровка», «Шыңғырлау ауданы 35 кВ Шыңғырлау – Ащысай (Мырзагора)».

797 шағын және орта бизнес субъектісіне келтірілген залалды өтеу үшін 12 млрд теңге де Үкімет резерві есебінен қарастырылған.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тасқын судан қираған жолы жөнделіп жатыр. Оған Үкімет резервінен бөлінген қаржының 22,7 млрд теңге жұмсалған.

Аталған облыстардағы зардап шеккен білім нысандары да резерв қаржы есебінен қалпына келтірілмек. Жалпы жөндеу мен құрылысқа 7,5 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы Универсальный көшесі бойынша «РЖД» ААҚ теміржол жолдары арқылы автожол өткелін салуға 2,9 млрд теңге кетеді.

Ақмола облысындағы жеті сумен жабдықтау нысанын жөндеуге 572,4 млн теңге қарастырылған.

Қоса өтсек, су тасқынынан зардап шеккен 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. Сонымен бірге 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Ал 9 171 отбасыға жөндеу жұмысы үшін өтемақы төленді.

Сурет: Қаржы министрлігінен

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған