Ұлттық банктің дерегінше, елде жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды (маусымда – 8,4%). Жылдық инфляцияның екпіні 14 өңірде тіркелді, 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.
Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасының максимал өсімі Алматы қаласында (8,1%), ал аз өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,3%-ға дейін баяулады (маусымда – 7,4%). Максимал мән – Маңғыстау облысында (13,6%), минимал мән – Алматы облысында (5,1%) тіркелді.
Шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,5%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 13,8%). Сонымен қатар Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (10,2%) айтарлықтай төмен болды.
Шілдеде ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәнінен төмен (2017-2021 жылдардағы шілдеде – 0,3%).
сурет mtrk.kz