«Шымкент жастар театры» басшылығы мен бірқатар лауазымды тұлға бюджеттен бөлінген 136 миллион теңгені талан-таражға салғаны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлайды.
Мемлекет театрға концерттік жабдықтар алу үшін 320 миллион теңге бөліп берген.
«Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам тауар бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналды», - делінген хабарламада.
Күдіктілердің бірі сол ақшаның есебінен 48 миллион теңгеге пәтер мен көлік алып, оларды басқа адамдардың атына тіркеген.
Қазір сот санкциясымен барлық мүлік тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды.
фото: видеодан алынған кадр