Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Шілдеде автонесиелердің үлесі соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
Дария Ғұмар Шолу 28/08/2025

Шілдеде автонесиелердің үлесі соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шілде айында қазақстандықтар жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге несие рәсімдеді. Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиелер азайғанымен, автонесиелер мен ипотека өсім көрсетіп отыр. Қаржыгерлер бұл үдерісті халық табысының төмендеуі және ақша-несие саясатының қатаңдауымен байланыстырады.

Тұтынушылық кепілсіз несиелер бойынша көрсеткіш төмендеді: қарыз көлемі айына 2%-ға азайып, 963 млрд теңгеге дейін түсті. Қарыз алушылар саны да азайған.

Автонесиелеу сегменті маусым айымен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайды, ал кредиттеу сомасы 261 млрд теңгені құрайды. Қазір жалпы бөлшек кредиттеудің 16% үлесі автонесиелеуге тиесілі. Бұл – 2022 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ипотекалық кредиттеу керісінше, өсім көрсетті. Айлық өсім 13%-ды құраса, ал жалпы берілген несие көлемі 241 млрд теңгеге жетті. Қарыз алушылар саны да салыстырмалы түрде артты.

Шілде айында кәсіпорындарға шамамен 1,9 трлн теңге несие берілген. Бұл қаңтардағыдан 3%-ға аз.

Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы өз баяндамасында несие нарығындағы аталмыш өзгерістердің себебін түсіндіреді.

«2025 жылдың алғашқы жартысында тұтынушылық несие беру қарқыны баяулады. Жаңа несиелердің өсімі жылдық есепте 14,4%-ға жетті (2024 жылдың сәйкес айында +28,8% еді), ал портфель көлемі 9,1% артты (өткен жылы +9,9%).

Бұл үрдіске қатаңдатылған реттеу талаптары, ақша-несие саясатының қатаңдығы және халық табысының төмендеуі (–2,6%) әсер етті. Соның салдарынан сұраныс көлемі де, сапасы да азайды», — делінген баяндамада.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың сәуір-маусым айларында ипотекалық кредиттеуге сұраныс артып, адам басына шаққанда орташа қарыз көлемі 17,4 млн теңгені құрады. Ұлттық банк сарапшылары бұл үрдісті мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар мен құрылысшылар ұсынған жеңілдіктердің ықпалымен байланыстырады.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Автокредит Ақша-кредит саясаты Бөлшек несие Ипотека ипотекалық несие Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы ҚР Ұлттық банк тұтынушылық несие
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.