Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Семейде баланы жәбірлеген оқушылардың әке-шешесін ата-ана құқығынан айырмақ
Наргиза Ерес жаңалық 26/02/2025

Семейде баланы жәбірлеген оқушылардың әке-шешесін ата-ана құқығынан айырмақ

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Семейде кәмелетке толмаған балалар арасындағы әлімжеттік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлады. 

25 ақпанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерді уақытша оқшаулап, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу ұсынған.

“Комиссия үш әке-шешені ата-ана құқықтарынан айыру және бір өкілге қатысты екі балаға қамқоршылықты тоқтату туралы ұсыныс жасады. Барлық материал сотқа берілді, онда соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқықтарынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады”, -делінген хабарламада.

Абай облысы департаментінің хабарлауынша, жәбірленуші балаға арнайы орталықта психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Осыған дейін әлеуметтік желіде мектеп оқушысын жабылып ұрып, әлімжеттік көрсеткен бір топ баланың видеосы тарады. Қуаныш Рахметоллаұлы есімді желі қолданушысының жазуынша, оқиға 22 ақпанда Семей қаласындағы 343-квартал ауданында №9, №15 мектептердің 6-7 сынып оқушылары арасында болған. Соның ішінде жасөспірімдер 6-сынып оқушысына тіл тигізіп, темекті тартқызып, қорлап, ұрып-соққан делінген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші баланың анасы қайтыс болған. Оны әжесі мен әкесі тәрбиелеп отыр.

 

Сурет: Видеодан скрин

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
343-квартал ауданында ата-ана құқығынан айыру әлімжеттік балалар арасындағы зорлық девиантты мінез-құлық қылмыстық ісі Семей қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.