Оралда саяжай мәселесі өте өзекті. Орал қаласы аумағында 176-дан астам саяжай бірлестігі, оның ішінде 20 мыңнан астам саяжай учаскесі бар. Әлі күнге дейін саяжайдағы халық саны белгісіз. Әкімдік бау-бақша серіктестіктері тұрғындарының есебін жүргізбейді.
Саяжай кооперативтеріне қала немесе елді мекен мәртебесін беру мүмкін емес, себебі бұл жер бастапқыда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген және су басу қаупі жоғары аймақтарда орналасқан.
Алдағы жылдары су тасқыны қайталанса, үкімет тағы қорлар мен демеушілерге жүгіне берсе, не болмақ? Бюджетте қаражат тапшы. Осы жағдайды сараптасақ, саяжай аумағын қарғын судан сақтау мәселесі күрмеулі күйінде қалатыны анық.