Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары мәселелеріне назар аударту үшін іргелеріндегі айналма жолды жапты. Дәл қазір аудан тұрғындарының «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ына қарыз мөлшері 71 млн теңгеге жеткен. Сол себепті таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап ауданның жарығын өшіріп тастаған. Шамамен бұл ауданда екі мың екі жүзден астам үй бар. Тұрғындардың айтуларынша, бұрынғы серіктестік төрағасы жарықтың ақшасын электр желілері компаниясына төлемей кеткен.
Автор
-
Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.
View all posts