Қостанай облысында қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімшесі Рудный қаласының прокурорын ұстады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, прокурор қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған. Тергеу жалғасып жатыр.
Рудный қаласының прокуроры қызметін Мұрат Успанов атқарып келгені белгілі.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

