Батыс Қазақстан аумағындағы «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Ресейден заңсыз жеткізілмек болған 20 тонна құс еті тәркіленді. Бұл туралы облыстық ветеринариялық қызмет хабарлады.
Бастапқыда Самара қаласынан Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігінің құжаттары талапқа сай емес екені анықталған. Өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО реестрінде тіркелмеген және Қазақстанға ет өнімдерін экспорттауға рұқсат алған ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.
Ветеринариялық-санитариялық талаптар бұзылғандықтан, жүк көлігі кері қайтарылды және жүргізушіге айыппұл салынды.
Биыл Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық заңнама 204 рет бұзылған. Ветеринариялық нормаларды сақтамаған кәсіпорындарға қатысты 130 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардан түскен айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асты.
фото: freepik.com

