Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Ресейдің мұнай-газ компанияларының табысы күрт кеміді
Редакция Сарапшы пікірі 03/09/2025

Ресейдің мұнай-газ компанияларының табысы күрт кеміді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Bloomberg агенттігінің дерегіне сәйкес қазір Ресейдің ең ірі мұнай компанияларының кірісі күрт төмендеп жатыр. РФ-ның мұнай өндірусаласының үштен бірінен астамын қамтамасыз ететін «Роснефтьтің» таза пайдасы жыл басынан бері 68%-ға азайды. Елдегі екінші ірі мұнай өндіруші «Лукойл» мен «Газпром нефть» те алғашқы жартыжылдықтағы табыстың жылдық есеппен 50%-дан астамға қысқарғанын мәлімдеді. Ал «Татнефтьтің» кірісі 62%-ға азайған. «Сургутнефтегаз» мүлде шығынға батты.

Bloomberg мақаласында «Бюджеттегі әр төртінші рубль мен ұлттық ЖІӨ-нің шамамен 20%-ын қамтамасыз ететін мұнай-газ өнеркәсібі 50,4% табысынан айырылды», — делінген.

Үнді мұнай өңдеу кәсіпорындары 2022 жылдан бері ресейлік мұнайдықолданады. Бұл оларға кемінде 12,6 млрд доллар үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды The Indian Express. Үндістан үшін ресейлік мұнайдың орташа бағасы басқа жеткізушілерден шамамен 13 долларға арзан.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз-1 қыркүйек арасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мен Ресей президенті Владимир Путин екіжақты ынтымақтастық жоспарын талқылады.

Отандық «ҚазМұнайГаздың» таза пайдасы 2025 жылдың алғашқы жартысында 2,8%-ға төмендеп, 534 млрд теңгені ($1,044 млрд) құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 550 млрд теңгеге ($1,224 млрд) аз.

Олег Червинский,

сарапшы

фото: istockphoto.kz

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
«ҚазМұнайГаз» Bloomberg Газпром нефть Лукойл Мұнай Ресей Роснефть Сургутнефтегаз Татнефть Үндістан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
жаңалық

Каспий мұнай құбыры бір айда екінші рет шабуылға ұшырады

29/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.