Ресейдің Усть-Луга портындағы жұмысшылар жанжалына қатысқан Қазақстан азаматтары қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Оқиғадан кейін ұсталғандарға 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Министрлік мәліметінше, тағы үш адамға қатысты тергеу жұмыстары басталған.
Усть-Луга — Ленинград ауданында орналасқан құрылыс нысаны. Бұл жерге шетел азаматтары вахта тәсілімен жұмыс істеуге келеді. 26 наурызға қараған түні құрылыс нысанында жұмысшылар мен күзет қызметі арасында жанжал туындап, арты жаппай төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде жұмысшылар бір-біріне тас лақтырып, атыс басталған.
Төбелес не себептен туындағаны туралы ресми ақпарат жоқ. Желіде қақтығысқа қазақ жұмысшысы мен күзетшінің арасындағы жанжал себеп болғаны айтылады.
Оқиғадан кейін кентте арнайы кездесу ұйымдастырылып, оған жұмысшылар, Ресейдің құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания және күзет қызметінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, жақында Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік депортацияланды.
2025 жылы шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 126 мың адамға жеткен. Ресейде жұмыс істейтін Қазақстан азаматының сұхбатын оқыңыз.
фото: Видеодан жасалған скриншот

