Ресей Федерациясы аумағында WhatsApp мессенджері біртіндеп бұғаттала бастайды. Бұл туралы Роскомнадзор мәлімдеді.
Мемлекеттік органның хабарламасында мессенджер ел ішінде террористік әрекеттерді ұйымдастыру, алаяқтық пен басқа да қылмыс түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылғаны айтылады.
Ведомство платформаның басшылығы аталмыш заңбұзушылықтардың алдын алу немесе оларды тоқтату үшін ешқандай шара қабылдамағанын атап өтті.
Роскомнадзор шектеулерді пайдаланушыларға отандық MAXX мессенджеріне көшуге уақыт беру үшін кезең-кезеңімен енгізіп жатыр.
фото: istockphoto.com

