Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ресей мен Украина 2025 жылы қорғаныс саласына арналған бюджетті ұлғайтуға бекініп отыр
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 11/11/2024

Ресей мен Украина 2025 жылы қорғаныс саласына арналған бюджетті ұлғайтуға бекініп отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Екі елдің қорғаныс бюджеттерінің өсуі қақтығыстың ұзаққа созылып бара жатқанын және ұлттық ресурстардың айтарлықтай бөлігінің әскери қажеттілікке жұмсалып жатқанын көрсетеді. Ресейдің үлкен әскери қоры болғанымен, санкциялар оның ұзақ мерзімді әскери өндірісін қиындатып отыр, ал Украина НАТО мен одақтастарының қолдауымен өз қорғаныс қабілетін күшейтуді жалғастыруда.

Ресей қорғаныс шығынын арттыруда

Ресейдің әскери бюджеті мемлекет тарапынан тікелей қаржыландырылады. Экспорттық кірістер (мұнай және газ) және ұлттық қордың қаражаттары қорғаныс қажеттіліктеріне жұмсалады. Санкциялардан кейін Ресей өз бюджетінің балансына ықпал ете бастады және ішкі өндіріс пен ресурстарға сүйенуде.  Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталғанан бері қорғаныс саласындағы бюджеттік шығыс 2022 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 68,2%-ға артып, $135.2 млрд АҚШ долларын құрады. 2025 жылы мемлекеттік бюджет жоспарында Ресейдің қорғаныс саласына $145,0 млрд АҚШ долларын бөлмек. Осылайша Ресей өз әскерінің шығынын жылдан-жылға арттырып отыр.

Қорғаныс шығыны бюджетті ойсыратуда

2024 жылға арналған Ресей мен Украина қорғаныс бюджеттері олардың соғысқа бейімделген экономикаға көшуін айғақтайды. Ресейдің қорғаныс шығындары өткен жылға қарағанда үш есеге артып, шамамен $135-140 млрд немесе ЖІӨ-нің 6%-на тең болып отыр, бұл – елдің жалпы бюджетінің үштен біріне жуық. Ресейдің қорғаныс бюджеті негізінен әскери жабдықтарды өндіруге, Украинадағы қақтығыстан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге жұмсалады. Экономикалық санкцияларға қарамастан, Ресей қорғаныс саласын Қытай және Иран сияқты елдерден алынған компоненттер арқылы қолдайды, бұл амал оның жабдық өндірісін жалғастыруына көмектеседі​.

Ресей әскери шығынын жабу үшін ұлттық қор қаражатын пайдаланып, бюджет балансын қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ бұл елдің ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіреді. Жылдам инфляция мен санкциялар елдің экономикасына қосымша қысым жасауда. Сонымен қатар, Ресейде әскери бюджетті арттыру ішкі әлеуметтік бағдарламалардың қысқаруына әкеліп отыр.

Киев көмекке мұқтаж

Украина қорғаныс бюджетіндегі ең маңызды үлес сыртқы көмектен келеді. АҚШ, Еуропа Одағы елдері, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер Украинаға үлкен көлемде қаржылық және материалдық қолдау көрсетуде. Бұған жоғары технологиялық қару-жарақ жеткізілімдері, жаттығу және дайындық бағдарламалары, сондай-ақ қару-жарақ өндірісіне қажетті шикізат кіреді. 2024 жылдың маусым айындағы соңғы деректерге назар аударсақ, Украинаға 2021-2022 жылдардан бастап ең ірі донор елдер қаржылай көмек көрсеткен. АҚШ Украинаның сөзсіз ең басты тірегі болып отыр. Ол осы уақыт аралығында 55 млрд АҚШ долларынан астам қаражат жұмсады. Сонымен қатар өзге еуропалық елдер де көмегін көрсетіп келеді. Осылайша Украинаның қорғаныс бюджеті сыртқы күштерге тәуелді және олардың көмегі маңызды болып отыр.

Украина мемлекеттік бюджетінің тең жартысы жұмсалуда

Украина 2023 жылы қорғаныс шығындарын күрт арттырды. Бұл елдің қорғаныс бюджеті шамамен 40 миллиард долларға жетіп, ЖІӨ-нің 60%-на дейін жетті. Бұл бюджетке тікелей НАТО елдерінен және басқа батыс елдерінен алынатын көмек қаржысы да кіреді. Украина бюджетінің үлкен бөлігі әскери операцияларды жүргізуге, жаңа техника алуға, әскерді жабдықтауға және қосымша мобилизацияланған сарбаздарды қолдауға жұмсалуда. 2024 жылға арналған Украина бюджетіндегі шығындардың шамамен жартысына жуығы қорғаныс саласына бағытталған. Бұл әскери қақтығыстың жалғасуына байланысты қажетті шара болып отыр. Болжам бойынша Украина қорғаныс саласына шамамен 1,7 триллион гривен ($47 миллиард шамасында) бөледі, бұл оның жалпы бюджетіндегі ең үлкен үлесті құрайды. Бұл қаржының көп бөлігі әскерді қолдауға, әскери техника мен жабдықтарды күтіп ұстауға, жаңа қару-жарақ сатып алуға, сондай-ақ инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады​. Осылайша, Украина бюджетінің жартысына жуығының қорғанысқа жұмсалуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақтық тұтастықты сақтау үшін қажет қадам болып отыр…

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Сурет: Ашық дереккөз

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
АҚШ Киев мемлекеттік бюджет НАТО Ресей мен Украина Санкция
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.