Ресей президенті Владимир Путин жанындағы Адам құқықтары кеңесі қазақстандық блогер Аслан Төлегеновтің («Северный казах») ісіне байланысты үндеу жолдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Адам құқықтары кеңесінің мүшесі Марина Ахмедова хабарлады.
Ахмедованың айтуынша, Азия елдерінде «проресейлік блогерлерге қысым жасау тенденциясы» байқалады. Ол бұған дейін Өзбекстандағы блогер Азиз Хакимов ісі бойынша құқық қорғаушыларға жүгінгенін, алайда нәтиже болмағанын айтты.
Ахмедова Төлегеновке үкім шыққаннан кейін оны «Қазақстан мен Ресейді жақындатуды қолдаған проресейлік блогер» атап, оған қарсы қылмыстық істі саяси астары бар деп бағалады.
Аслан Төлегенов – «Северный казах» лақап атымен танымал блогер. Ол русофобтарды сынап, өз видеоларында қазақтарға бірнеше рет тіл тигізген. 19 қарашада оның ұлтаралық алауыздық қоздырғаны үшін сотталғаны 3 жыл 9 айға сотталғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада қазақтарға тіл тигізген Алика Мұхамадиева қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

