Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 20 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Президент Тоқаев БҚО әкімін неше рет қабылдап, қандай тапсырмалар берді?
Нұрлыбек Рахманов Саясат 25/11/2021

Президент Тоқаев БҚО әкімін неше рет қабылдап, қандай тапсырмалар берді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің №11 бұйрығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевті Батыс Қазақстан облысының әкімі қылып тағайындады. 

Тағайындаудан екі аптадай өткенде алғаш рет қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәліметін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан»  деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Қазақстан Президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Екінші қабылдауы 2020 жылдың 29 қыркүйек күні өтті. Мұнда Ғали Есқалиев бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкіміне Үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, сондай-ақ, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Ғали Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруға, сонымен қатар аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуге тапсырма берді.

Үшінші рет 2021 жылдың 24 мамыр күні қабылдады. Бұл қабылдауда әкім Президентке жер қатынастарына қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жұмыстары,  инвестиция тарту және Жайық трансшекаралық өзенінің проблемалары жөнінде баяндаған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті жұртшылықтың бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға, өңірді сумен және жылумен қамтамасыз етуге, автожолдар салуға және электр желілерін жаңғыртуға қатысты мәселелерді шешуге атсалысып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы өңірдің ет өнімдерін ұлғайтуға және осы салада еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, әкімдіктің Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытудың ғылыми-өндірістік базасын құру жөніндегі жоспарын қолдады. Президент Оралда машина жасау саласының техникалық және кадрлық әлеуетін сақтау қажет екеніне назар аударып, Ғали Есқалиевке демографиялық қауіпті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвесторларды қолдау жөнінде міндет жүктеді. Мемлекет басшысы әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, бюджетті әділ бөлудің, бюджетаралық қатынастардың тиімді тетігін енгізудің маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, облыстар салықтан түсетін қаржыны жергілікті деңгейде қалай жұмсау керек екенін анық түсінуге тиіс.

Президент тапсырмалары қалай орындалды? БҚО тұрғындарын қандай сұрақтар алаңдатады, қай мәселелер шешімін таппай жатыр деп бағалайды? Жуырда бұл жайлы sarapshy.info ақпарат агенттігінің сараптамасын оқитын боласыздар.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО Ғали Есқалиев Жайық Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
Әлем жаңалықтары

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 700-ден асты

31/03/2025
жаңалық

БҚО-да 700-ден астам науқасқа тегін дәрі берілмеген

31/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.