Павлодарда мектеп аумағында болған оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ер адамның қайғылы сәтте нақты қай жерде тұрғанын кинологтар мен тепловизордың көмегімен анықталды. Құтқарушылар жеткен сәтте ол тіршілік белгілерін көрсетпеген.
Облыс билігі марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
«Павлодар қаласының әкімдігі қаза болған азаматтың отбасына мердігер ұйым мен нысанның тапсырыс берушісі – жеке кәсіпкер тарапынан көмек көрсетуді бақылауға алады», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
фото: istockphoto.com

