2025 жылдан бастап Қазақстанда ұялы байланыс қызметтері 2025 жылдан 15-20%-ға қымбаттайды. Операторлар бағаға қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесінің көбеюі әсер ететінін мәлімдеген.
Beeline бас атқарушы директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, компания тарифтердің бағасын жылына бір рет өзгертеді.
«Келер жылдан бастап ҚҚС өсімі салаға шамамен 35-40 млрд теңге көлемінде енуі мүмкін. Сол себептен де біз қаңтарда тарифтердің құнын 15-20%-ға көтеруді жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Kcell мен «Мобайл Телеком-Сервис» компаниялары да жаңа жылдан бастап тарифтерін қымбаттатуды жоспарлап отыр.
Kcell басшысы Асқар Жамбакиннің сөзінше валюта бағамы немесе салықтарға қатысты өзгерістер тарифтердің өзгеруіне әсер етеді.
Ал «Мобайл Телеком-Сервис» өкілдері бағаның өсуін инфрақұрылымға қажет инвестиция және шетел валютасымен сатып алынатын құрал-жабдықтың қымбаттауымен түсіндірді.
2025 жылғы баға өсімі
Beeline 2025 жылдың ақпанынан бастап абоненттік төлемдерін қымбаттататынын хабарлаған еді. Бұл жаңалық антимонополия агенттігінің назарын аударып, компанияның 2024 жылғы тарифтер динамикасын тексеруіне себеп болды. 21 шілдеден бастап Beeline бірқатар архивтік және қолданыстағы тарифтердің төлемін мың теңгеге арттырды. Оның ішінде «Супер 3990», «Супер 4990», «Супер 5990», «Бәрі 1390 архив», «Бәрі 3990 архив», «Бәрі 4290 архивтік», «Бәрі 4990 архив», «Бәрі 5990 архивтік», «Бәрі 6990 архивтік» және «АНЛИМ FHD 6990 архив» тарифтері бар.
Tele2/Altel 28 наурыз аралығында «Сенің ережелерің» абоненттік тарифін 2 990 теңгеден 3 990 теңгеге, 3 890-нан 4 890 теңгеге, 4 590-нан 5 590 теңгеге және 5 590-нан 6 390 теңгеге қымбаттады. 2 маусымнан бастап «Студент», «Барлығына қоңырау шал» және «Интернет драйв» тарифтерінің төлемдері мен ресурстары қайта қаралды. Ал 23 маусымда Tele2 «Promo», «Unlim», «Выгодный 2» және тағы басқа бірнеше тарифтердің құнын өсіргенін мәлімдеді.
Kcell/Activ де бағаларын көтеру туралы шешім қабылдады. 21 сәуірден бастап компания 18 тарифтің құнын өсіретінін жариялады. Тарифтер бағасы 6%-дан 25%-ға дейін өсіп, орта есеппен 400 теңгені құрады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, тарифтерін тікелей реттеуге қауқарсыз екенін мәлімдеді.
фото: istockphoto.com

