Қостанай әуежайында Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың дөңгелегі өртеніп, әуежайға кері қайтарылды. Бұл туралы ұшақ бортында болған URA.RU тілшісі хабарлады.
Ұшақ ұшу жолағында жылдамдық жинай бастағанда кенет тежеліп, дөңгелек тұсынан ұшқын шыққан.
«Мен дәл сол дөңгелек тұсында отырдым. Ұшақ тежелген сәтте ұшқын пайда болып, дөңгелек бірден жанып кетті», — дейді куәгер.
Көлік министрлігі Qazaq Air ұшағына қатысты арнайы комиссиясы құрып, тергеу жұмыстарын бастады.
«Тергеу Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тарапынан жүргізіледі», — делінген ведомство мәлімдемесінде.
фото: flyqazaq.com

