Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласының бас жоспарын талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өтті. Бас жоспардан күтпеген қателік табылды. Белсенділердің айтуынша, жобада Қарағандының шахталары мен Семейдің тарихи нысандары туралы ақпарат Оралға қатысты етіп көрсетілген. Орал қаласының әкімдігі болса, 250 миллион теңгеге жасалып жатқан жобадағы бұл кемшіліктерді «техникалық қате» деп атап, құжатты сайтқа ертеңіне қайта жүктеді. Жобаның бас архитекторы Михаил Щербинин қателік «механикалық» жолмен кеткенін мәлімдеді. Бұл қателікті қала тұрғындары қоғамдық тыңдауда қатты сынға алды.
Автор
-
Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.
Барлығын қарау
